Сайыс сабақ

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор: это Вы?

🎓 Помощь в написании уникальных работ для студентов

✍ Тема работы

Тип работы

E-mail

Телефон


Отправляя запрос, вы соглашаетесь с политикой конфиденциальности
Сабақтың тақырыбы: «Білгіштер саяхаты» Сабақтың мақсаты: Балалардың 10 көлеміндегі сандар қатарын, геометриялық фигураларды, сөздерге дыбыстық талдау жасауға, буынға бөліп, байланыстыра сөйлеуін әрі қарай дамыту. Балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері, күннің, бұлттың, таудың, кемпірқосақтың, мектептің бейнесі. Сабақтың түрі: аралас сабақ, саяхат сабақ. Әдіс-тәсілі: ойын, көрнекілік, практикалық. Сабақтың барысы: Ұйымдастырылу бөлімі. Тәрбиеші: -Балалар бүгін ерекше күн. Біздің сабағымызға қатысу үшін, қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтармен сәлемдесейік. Сәлем бердік, Алтын күн. Сәлем бердік, Ашық аспан. Сәлем бердік, Жер-ана. Сәлем бердік, баршаңа! -Балалар, бүгін сендермен саяхатқа шығамыз. Кәне, саяхатқа әзірміз бе? Ал енді тобымыздың ұранын айтайық. «Оқы да біл, ойна да күл!» -Жолымыз қысқарсың десеңдер, қане пойызға отырайық. Ән: «Паровоз» 1 – Сайқымазақ аялдамасы. Сайқымазақ тапсырмасы. 1.     1-ден 10-ға дейін тура және кері санау. 2.     Себеттегі алманы санау. 3.     Сандардың көршісін тап 2 – Аю аялдамасы. -         Балалар ағаштың артынан гүрілдеген дауыс естіледі. Кім екен бұл? Тәттіні ұнататын аю екен ғой. Аю тапсырмасы. 1.     Жылдың 4 мезгілін ата? 2.     Қазір жылдың қай мезгілі? 3.     Бір жылда неше ай бар? 4.     Бір аптада неше күн бар? 5.     Апта күндерін ата?   -         Балалар,біз сайқымазақтың, аюдың, тапсырмаларын орындадық, тауға да жақындап қалдық. Тауда қасқыр бар. Қасқырдың тапсырмасын орындасақ, әрі қарай жол жүреміз. Күн бұлттанып кетті, балалар, дем алып, сергіту сәтін жасайық. 3- Қасқыр аялдамасы. Қасқыр тапсырмасы. 1.     Мынау қандай геометриялық пішіндер (төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, тіктөртбұрыш, сопақша) 2.     Логикалық есеп шығар. а)3 қоянда неше құлақ бар? 6 құлақ ә)Алма ағашында 6 алма өсіп тұрды, жел соғып, біреуі үзіліп түсті. Ағашта неше алма қалды? 5 алма б)Қолымда 5 алма, табақта 2 алма. Қосқанда бәрі неше алма? 7 алма - Нөсер себелеп кемпірқосақ шықты. Кемпірқосақ тапсырмасы. 1.     Сөздерді оқу 2.     Сөзді буынға бөлу 3.     Сөздерге сөйлем құрастыру   -         Жарайсыңдар балалар, осымен сайыс сабағымыз өз мәресіне жетті. Тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар, олай болса бір-бірімізді мадақтайық «Жарайсыңдар!». Енді пойызымызға отырып, өз тобымызға барайық. Келесі кездескенше, сау болыңдар!
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.15 Kb
Количество скачиваний: 36
Просмотров: 178

Похожие материалы