Сейіт баба аңыз және ақиқат

Предмет: История
Категория материала: Презентации
Автор:

І. Кіріспе

“Аруаққа сыйынған - азбайды”.

Қазақ даласы –қазақ халқының тұңғиық тарихы.Онда бабаларымыздың сан ғасырлар бойына жасаған ғаламат шежірелері құпияның қоймасына айналған.Құм басып қалған кәусар бұлақтың мөлдір тамшылары тым тереңнен сыздықтайды. Жеті жұрт мекендеген Еділ мен Жайық аралығындағы кең тылсым тарихы меңіреу дүниеге ұқсайтындай көрініс қалыптасқан.Көптеген әулиелер өмір сүрген.Әулие [араб тілінен аударғанда — желеп-жебеуші] — ерекше діндарлығымен, дін жолына кіршіксіз берілгендігімен халық сеніміне ие болған қасиетті тұлға. Әулие - халық арасына ерекше діндар-тақуалығымен, шипа дарытқан емшілігімен әйгілі болған, керемет қасиетке ие, қауымға рухани тәрбие жүргізуші тұлға.Әулие - уәли деген араб сөзінің көпше түрі, қазақша қасиетті деген мағынаны береді. Осындай әулиелер қатарына Сейіт баба әулиеде бар .

“Өмірдерегі”

Сейіт бабаның ол баста азан шақырып қойған есімі Құлбай-бин Саид-Ғали екен.1755ж.осы Еділ өңірінде дүниеге келіп,1812жылы қайтыс болған.Құлбай –бин Саид –Ғали кезінде көп оқыған ,философ атанған.Қазірде ауызекі тілде Сейіт баба деп аталатын,бірақ шындығында толық ныспысы Құлбай бин Сейітғали ХҮІІІ ғасырдың аяғы , ХІХ ғасырдың басында Астрахан ноғайлары арасында мұсылман дінін ұстанған белгілі тәуіп және зиялы жан.Астрахан губерниясына қарасты Красный Яр уезінің Қожатай ауылында дүниеге келген ол 17 жасынан бастап Бұхарада ,кейін Бағдат,Каир медреселерінде оқып,дін ілімнің мүршид дәрежесіне жеткен,Үнді елінде ,Түркістанда болған. ХІХ ғасырдың басында атамекеніне қайтып оралып ,Бөкей ханмен жақсы қарым-қатынаста болады , ел құрметтеген айтулы абыз дәрежесіне көтеріледі. Ел ішінде мұсылман дінінің дұрыстық жолын уағыздап,тәуіптікпен айналысқан.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 664 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 117

Похожие материалы