Презентация Ерлік елге мұра
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Султанова Мейрамгул Жумаевна
|
Тақырыбы: Ерлік елге мұра Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға дегенсүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: үнтаспа, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар. I. Левитанның сөзі: 1-Жүргізуші: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. 2-Жүргізуші: Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды. 1-Жүргізуші: Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді.Осы жылдары республикамыздан 1 млн.196 мың 164 адам қару асынып,майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді.Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн.900 мыңдай адам сапқа тұрды. Ән: «Катюша» - орындайтын Асқарқызы Жұлдыз. 2-Жүргізуші: Анасы – Жанбота - Оралсын аман жеріне, Көріссін туған елімен. Келін-ау көздей қалтаға Топырақ салып беріп жібер. Жары –Жұлдыз - (қалтаға салынған топырақты берген келін) Кебін киген өледі, Кебенек киген келеді. Үлкен үйден дәм татса, Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады) «Священная война» музыкасы жүріп тұрады. Мұғалім сөзі: Power Point арқылы Ұлы Отан соғысының батырлары туралы мағлұмат беру. 1Жүргізуші: Иә, кім де болса өз Отанын қорғауға қашанда дайын. Ұлы Отан соғысы туралы толығырақ мәлімет алу үшін баяндамашыға сөз берейік. «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра» Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлес батыр атамыз – Сұлтанғалиев Қибат туралы таныстырылым. Дайындаған Қибат Нұрәли. 2-Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,келесі кезекті біздің сынып оқушыларының дайындаған шығармаларын оқуларына кезек берейік. 1-Жүргізуші: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын. 2-Жүргізуші: «Әнімді арнап саған,Отаным! » сахналандырылған патриоттық ән. Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар» Орындайтын Нұлан Нұрасыл, Қаби Әлихан. 1-Жүргізуші: «Қаһарман ұрпаққа тағзым» көркем сөз оқу. (Мақал – мәтелдер) 2-Жүргізуші: «Бейбітшілік жас ұрпақ көзімен» тақырыбында сынып оқушыларының суреттерінің көрмесі. 1-Жүргізуші: «Ұлы Жеңіске менің тартуым» Сынып оқушыларының жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесі. 2-Жүргізуші: Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 70 жыл. 70 жыл — бейбір көктем таң атқалы, 70 жыл — шуақты күн таратты әнін. Талай құс содан бері қайта оралды, Талай бақ әлеміне қайта оранды. Соғыста өлгендер тек оралмайды, Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді. 70 жыл — жауыздықтың ажал оғы, Біздің елдің үстінен ұшпағалы. 1-Жүргізуші: «Хор: «Сарбаздар» 2-Жүргізуші: Би: Қапсих Данагүл, Ғабит Ершат. 1-Жүргізуші: Құрметті ұстаздар Ерлік елге мұра атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 3.3 Mb |
Количество скачиваний: | 7 |