Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту 3-сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Мурзагалиева Салтанат Дамировна
|
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан
аттап жазбаша көбейту
Сабақтың мақсаттары: 1) Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейтуден алған білімдерін бекіту.
2)Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
3)Алға қойған мақсаттарына жетуге, шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Әдісі: сұрақ- жауап, ойын.
Көрнекілігі: Ауызша есептеуге арналған карточкалар, суреттер.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық
. Көктемнің күні терезеден, Бізге міне тұр қарап.
Сондай жақсы көңіл-күймен, Басталады бұл сабақ.
Бәріңе мәлім балалар,
Нақты есеп болмаса,
Жұмыс алға баспайды
n - Балалар, бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Сондықтан да екі топқа бөлінеміз.
1топ- «Алғырлар».Ұраны: Тек қана алға,алға,алға!
2 топ:-«Тапқырлар». Ұраны: Намысты қолдан бермейміз,бермейміз, бермейміз!
II. Үй тапсырмасын тексеру.( №7, 254-бет ).Ауызша оқыту, тексеру.
III. Өткенді қайталау.
а) Математикалық диктант.
n Көбейтудің компоненттері:
а) Көбейткіш,көбейгіш,мәні. б) Азайғыш, азайтқыш,айырма.
в) Көбейгіш,көбейткіш,көбейтіндінің мәні.
n Кез-келген фигураның ауданын табу үшін…
а) Ұзындығын еніне қосамыз. б) Ұзындығын еніне көбейтеміз.
в) Ұзындығын еніне бөлеміз.
n Егер бөлінгіш пен бөлгіштің мәнін 100 есе кемітсе…
а) Мәні өзгереді. б) Мәні көбейеді.в) Бөліндінің мәні өзгермейді.
n Кезкелген фигураның Р-ін табу үшін…
а) Қабырғаларын көбейтеміз.б) Қабырғаларын еніне көбейтеміз. в)Барлық қабырғаларын қосамыз.
n Санның кубы дегеніміз не?
а) Барлық сандардың қосындысы.б) Санның үш дәрежесі.
в) Санның көбейтіндісі.
Ойын «“Кім тапқыр?”»
IV.Жаңа сабақ.
1 кезең
Ойын «Тізбекті жалғастыр»
Ойынның шарты: Кім бірінші орындаса, сол мәреге бірінші жетеді.
Тест тапсырмасы
I-топ. І нұсқа
а) 15 пен 5 - тің қосындысын 4-ке бөл.
ә) 6 мен 5-тің көбейтіндісінен 5-ті азайт.
б) 27 мен 3 –тің бөліндісінен 4-ті азайт
в) 36 мен 6-ның бөліндісіне 10-ды қос.
г) 5 пен 9-дың көбейтіндісінен 5-ті азайт.
II-топ. ІІ нұсқа
а) 24 пен 6 –ның бөліндісін 10-ға көбейт.
ә) 5 пен 3 –тің көбейтіндісінен 5-ті азайт.
б) 8-бен 4-тің бөліндісіне 10-ды қос.
в) 6 мен 4-тің көбейтіндісінен 4-ті азайт.
г) 3 пен 9 –дың көбейтіндісіне 3 – ті қос.
Сергіту сәті. Есептерді шығардық,
Өте-өте шаршадық.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық.
Бір отырып , бір тұрып,
Біз демалып алайық.
3 кезең.
«Ұтыс» ойыны
Ойынның шарты: Қай топ бірінші орындаса, сол топ алма ұтып алады.
I-топ. а*4-126, мұндағы а=144. 144*4-126=450
II- топ. а*4-126, мұндағы а=396. 396*4-126=1458
4 кезең. Ойын «Көбелекті ұшыру»
Ойынның шарты: Кім есепті дұрыс шығарса, көбелектің ұшуына көмектеседі.
І-топ. Шешуі:( 2+4) * 160=960(тг)
ІІ-топ. Шешуі: 160*2+160*4=960(тг)
5 кезең.
Ойын «Кім бірінші ?»
Ойынның шарты: Қай топ бірінші орындайды.
І-топ. 6:9=0 (қалд.6)
13:7=1 (қалд.6)
ІІ-топ. 42:8= 5 ( қалд.2)
20:9=2( қалд.2)
IV.Бекіту.
Ойын «Қонжыққа көмектес»
Ойынның шарты:Қонжық жазбаша көбейтуді білмей тұр. Соған көмектесу керек.
I-топ. 217 328 235 286
x 4 x 3 x 4 х 3
868 984 940 858
II-топ. 129 417 367 173
х 4 х 2 х 2 х 5
516 834 734 865
VI. Қорытындылау.
1. Жазбаша көбейтудің қандай тәсілдерімен жұмыс жасадық?
2. Қандай тапсырмалар сендерге көбірек ұнады?
3. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма:251-252 бет (№6 (1), 7,8).
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.08 Kb |
Количество скачиваний: | 42 |