Шалқан (орыс халық ертегісі)

Предмет: Математика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Білім беру саласы : Қатынас Оқу іс-әрекеті : Көркем әдебиет Тақырыбы : Шалқан (орыс халық ертегісі) Мақсаты : Ертегіні мән беріп тыңдауға,сөздік қорын                      молайтуға,суреттерді көруге,түсінуге үйретеді.         Әдіс-тәсілі : мәнерлеп оқып,түсіндіру Көрнекілік : Конустық театр,суреттер Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеттері Балалардың іс-әрекеті   Ынталандыру                                   Ұйымдастыру                                                                                                 Қорытынды:         Шаттық шеңбері.Тәрбиеші балалардың қолынан ұстап үлкен шеңбер бойына жинайды. Кел балалар шеңберге, Көңілді болып тұрайық. Бір-бірімізді көргенде, Хал жағдайды сұрайық. Амансың ба – достарым Амансың ба – алтын күн Амансың ба - көк аспан Амансың ба – жер ана Бәріміз бүгін біргеміз Қане,балалар қуанып Қол шапалақтап ұрайықшы Жарайсыңдар балалар. Балаларға көктем мезгілі туралы әңгімелеу.   Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінде «Шалқан» ертегісін айтып беремін. Ертегі барысы:мәнерлеп айту,конустық театр арқылы сахналау. Шал шалқан егіп,оған: -Дәмді шалқаным,үлкен болып өсе бер!-деді. Шалқан үлкен болып өсті.Шал шалқанды жұлуға барды-әрі тартып,бері тартып,жұла алмады.Шал кемпірін шақырды.Кемпір шалды,шал шалқанды тартты:әрі тартып,бері тартып,жұла алмады.Кемпір немересін шақырды.Немересі кемпірді,кемпір шалды,шал шалқанды тартты-әрі тартып,бері тартып,жұла алмады.Немересі күшігін шақырды.Күшік немересін,немересі кемпірді,кемпір шалды,шал шалқанды тартты-әрі тартып,бері тартып,жұла алмады.Күшік мысықты шақырды.Мысық күшікті,күшік немересін,немересі кемпірді,кемпір шалды,шал шалқанды тартты-әрі тартып,бері тартып,жұла алмады.Мысық тышқанды шақырды.Тышқан мысықты,мысық күшікті,күшік немересін,немересі кемпірді,кемпір шалды,шал шалқанды тартты-әрі тартып,бері тартып,ақыры шалқанды жұлып алды! Мінекей балалар,ертегі осымен аяқталды. -Ертегі сендерге ұнады ма? -Балалар ертегіде қандай кейіпкерлерді көрдіңдер? -Шалқан қайда өседі екен? Сергіту сәті:   Балалар бүгін біз қандай ертегіні тыңдадық? Ертегідегі қай кейіпкер ұнады? Иә,балалар «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші,барлығы бірігіп шалқанды жұлып алды.                                                                                                                     Балалар тәрбиеші көмегімен жауап береді.         Шалқан ертегісі      
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.02 Kb
Количество скачиваний: 34
Просмотров: 153

Похожие материалы