«Шешендік өнер» арнайы курстың күнтізбелік жоспары
Предмет: | Русский язык и литература |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Султангереева Гулайым Орынгалиевна
|
Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнер. Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған.
Оқушыларды шешендік өнерге баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, 7 сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.
Бұл бағдарлама 7сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай алынған.
7 сынып оқушылары әдебиет пәніне негіздей отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Би-шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады.
«Шешендік өнер» деген атпен құрастырылған бағдарлама бірыңғай шешендердің айтысын немесе билердің дауын бейнелемейді, сонымен бірге халық даналығынан туған асыл ойларды, өсиет-насихат сөздерді, өткір мысқыл, әзіл, тапқырлық сындарды, т.б. қамтиды. Мұнда жыраулардың,би-шешендердің шешендік нақыл, тапқырлық сөздермен қатар ақындық терме, толғаулар да аз емес. Құнттап қараған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем, ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады.
Бұл курс 34 сағатқа негізделген ,аптасына-1 сағат
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 25.92 Kb |
Количество скачиваний: | 29 |