Шетел мультфильмдерінің бала психикасына әсері
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жубатова Жанар Сагынгалиевна
|
Шетел мультфильмдерінің бала психикасына әсері
Анимация – ұлы өнер. Тіпті оның мүмкіндіктері кинодан да асып түседі. Мәселен, қандай да бір философиялық ойды жеткізгің келсе, жансыз денеге «тіл бітіріп» сол арқылы беруге болады. Сол себепті де анимация әлемінің қыр-сырын меңгергісі келген жасқа бірінші кезекте шығармашылық көзқарас пен еңбекқорлық қажет. Бұл саланың жүгі, әсіресе, сонау алғаш кезде, қазақ анимациясының бойына қан жүгіре бастаған тұста ауыр болды. Себебі ол заманда суретшілер 1 минуттың орнын толтыруға 1500-ге жуық сурет салуы тиіс еді. Ал 10-15 минуттық мультфильмдер шығару үшін қанша еңбектену керек? Сондықтан да анимацияны күрделі өнер қатарына жатқызамыз. Өйткені мульткейіпкердің әрбір сөзіне, әрбір қадамына үлкен мән беріледі. Мұнда ұқыптылық пен сабырлылық қажет. Кейіпкердің көңіл күйін, сөйлеген кездегі еріндерінің қимылын дұрыс жеткізу үшін әрбір ұсақ-түйекке мұқият қарап отыру керек. Анимацияда еріншектерге орын жоқ.
Қазір барлық озық елдерде «motion capture» технологиясы қолданылады. Онда мульт кейіпкерді адам өзі қозғалтып, өзі күлдіре алады. Десе де, белгілі мультипликатор Ф.Хитрук суретшінің саусақтарының ізі қалмаса, компьютерге салынғанда натурализм өлі боп шығады дегенді айтқан екен. Талай анимациялық фильмдер тудырған шебердің бұл айтқаны дұрыс секілді. Себебі бұрындары суретшілер мыңдаған сурет салатын. Сол суреттің барлығында шебер қолының табы қалады. Сондықтан да ол кездегі картиналар көзімізге оттай басылып, ескіргеніне қарамастан көре бергің келіп тұрады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 105.5 Kb |
Количество скачиваний: | 25 |