Школьному психологу тренинг на тему "Түсіністікке үйренеміз"

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тренинг: «Түсіністікке үйренеміз»

Мақсаты: өзара вербальді әрекеттесуге дағдыландыру, әлеуметтік бақылағыштықты дамыту.

Тренинг барысы:

  1. «Қимылдарды көшіру» сергіту жаттығуы.
  2. Ақпараттық блок: «Үш мүсін».
  3. «Бип» жатттығу.
  4. «Ғажайып қолданыс» жаттығу.
  5. «Жүректен жүрекке» ойын—жұмбақ.
  1. «Қимылдарды көшіру» сергіту жаттығуы.Қатысушылар шеңбер жасап тұрады.

Ойынның психологиялық мәні: қатысушылардың белсенділігін арттыру, байқағыштық қабілеттерін дамыту, топ жұмысына қызығушылықтарын арттыру.

Талқылау:

  • Жаттығуды орындағанда қандай әсерде болдыңыздар?
  • Жаттығу қиынға соқпады ма?
  1. Ақпараттық блок: «Үш мүсін».Тыңдаушыларғаежелгі аңыз-әңгіме ұсынылады:
  • Бұрынғы өткен заманда қытай императоры мен хан дос болыпты. Екеуініңдостығына дүйім жұрт қызығушылықпен, қызғанышпен қарайды екен. Ұзақ уақыт мемлекет басқару ісіне байланысты бір-бірін көрмей қалса, біріне-бірі сыйлық, сәлемдеме жіберіп, сағыныштарын басып отырады екен. Күндердің күнінде қытай императоры өз империясындағы уәзірлерінің іс - әрекеттеріне ренжіп, соның шешімін табу үшін ханғажұмбақ-сыйлық жібереді. Оның ішіндеадамның алтыннан жасалған үш мүсініболады. Бұл үш мүсіннің бір-бірінен көзге бірден көрінетін айырмашылығы болмайды.Бірақ император өз хатында«... Қымбатты, досым! Мына үш мүсіннің бір-біріненайырмашылығы жоқ сияқты көрінгенімен, жақсылап ойланып қараған көреген көзге бірден көрінетін үлкен айырмашылықтарын табуға болады. Досым соның шешімін тауып көрші....» деп хат жазыпты. Хан әбден ойланып шешімін таба алмаған соң уәзірлеріне тапсырма береді. Уәзірлері олай-бұлай іздеп шешімін таба алмайды. Үшеуінің салмақтары да, ұзындықтары да, алтын құрамы да, тіпті бейнелері де бір-бірінен айнымайды екен. Уәзірлері не қыларын білмей әбден сасады. Сол кезде еңжас, ақылды уәзірі тұрып:«Хан ием, егер рұқсат берсеңіз бұл жұмбақтың шешімін мен айтайын» деп рұқсат сұрапты.«Бұл мүсіндердің сырт көзге айырмашылықтары байқалмағанымен, жақсылап қарасаңыздар мүсіндердің үшеуінің де құлақтарында көзге ілінер-ілінбес тесіктер бар екен. Бұл не қылған тесік деп, сым темір өткізіп едім, сым темірдің екінші ұшы біреуінің екінші құлағынан, екіншісінің аузынан, үшіншісінің кіндігінен шықты. Содан бұл адамның мінез-құлқына байланысты-ау деген шешімге келдім. Себебі, бір адам естігенін бірден екінші құлағынан шығарып жібереді, екінші біреулер бірден түсінбей жатып, басқаларға айтады, ал үшінші біреулер естігенін жүректен өткізіп, талдау жасайды емес пе?! Яғни, «ақпа құлақ», «ашық ауыз»,«есті, жүректі адам» дегенге келеді. Сіздіңдосыңыз өз уәзірлерінің ішінде осындай адамдардың бар екендігін айтқысы келген болуы керек» деп жауап беріпті. 3. «Бип» жатттығу.Қатысушылар бір-біріне өте жақын аралықта шеңбер құрып отырады. Бір қатысушының көзін байлап ортаға жібереді. Ол 2-3 рет айналып, шеңбердегі бір қатысушының аяғына отыруы тиіс. Аяқтың иесі «БИП» деген дауыс шығарады. Ал көзі жұмулы қатысушы дауыс кімдікі екенін табуы тиіс. Дұрыс тапқан жағдайда екеуі орындарын ауыстырады, ал дұрыс таппаса, ойын ары қарай жалғасады. Жаттығуды ойынға қатысушылардың қызығушылығы бәсеңдегенше жүргізуге болады. Талқылау:
  • Дауыс иесін табу оңайболды ма? Неліктен?
  • Қатысушылардың аяқтарынан кім екенін сеінуге бола ма?4. «Ғажайып қолданыс» жаттығу.Қатысушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға қолдарында бар заттарды басқамақсаттарда қалай қолдануға болатынын анықтау туралы тапсырма беріледі. Әр топқа 10 минут уақыт беріледі. Бір-бірінің айтқандарын қайталауға болмайтынын ескерткен жөн. Идеяны айтқаны үшін – 1 ұпай, ал көрсетіп бергені үшін – 2 ұпай беріледі. Талқылау:
  • Топта ролдер қалай бөлінді?
  • Идеяны ұсынуда кім басымдық танытты?
  • Бір-бірлеріңізге олдау көрсете алдыңыздар ма?
  1. «Жүректен жүрекке» ойын—жұмбақ. Қатысушылар шеңбер жасап тұрып, бір

біріне ым-ишара (пантомима) арқылы сыйлықтар сыйлайды, ал сыйлықты қабылдаушы оның не екенін табуы тиіс.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 32.5 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 117

Похожие материалы