Шығарма тақырыптарының жинағы

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Қазақ әдебиеті пәнінен шығарма жоспарлары

1.Шеберлік шыны (Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық еңбегі туралы ой-толғау)

Ғабит Мүсіреповты мақтаудың керегі жоқ,

Онымен мақтануымыз керек.

Зейнолла Қабдолов.

Жоспар:

І. Кіріспе:

Ұлттық мәдени тарихымыз. Ұлы тұлға.

ІІ. Негізгі бөлім:

1.Ғ.Мүсірепов – шағын шығарма шебері.

2.Ана туралы новеллалары – ананың алып тұлғасын, киелі сезімін, нұрлы жүрегін жырлайтын көрнекті туындылар.

3.Ғ.Мүсірепов - шебер драматург.

ІІІ. Қорытынды:

Сөз зергері – Ғ.Мүсірепов.

2.Тұрмыс-салт жырларында халықтың өмір-салты мен ұлттық дәстүрінің көрініс табуы.

Халқын сүйген, салтын сүйер.

Халық мақалы.

Жоспар:

І. Кіріспе:

Тұрмыс-салт жырлары – халықтың асыл мұрасы.

ІІ. Негізгі бөлім:

1.Туғанда дүние есігін ашады өлең.

2.Төрт түліктің қадірін баққан білер.

3.Батамен ел көгерер.

ІІІ. Қорытынды:

Дәстүрдің озығы да, тозығы да бар.

3. Аңыз әңгімелердің тәрбиелік құндылығы

Аңыз әңгімелер – халық шежіресі.

М.Әуезов.

Жоспар:

І. Кіріспе:

Аңыз әңгімелер – халық өмірінен алынған асыл қазына.

ІІ. Негізгі бөлім:

1.Аңыз әңгімелер кейіпкерлері – тарихта болған тұлғалар.

2.Аңыз әңгімелер – адамды асыл арманға бастайтын, ұшқыр қиялына қанат бітіріп, келешекке үміттендіретін тәрбиелік мәні зор мұра.

ІІІ. Қорытынды:

Аңыздардың көркемдігі, сөз өрнектерінің шеберлігі.

Абайдай ұлы, киелі ұғым болмауға тиіс.

Н.Ә.Назарбаев

Жоспар:

І. Кіріспе:

1. Абай – ойшыл ақын.

ІІ. Негізгі бөлім:

1.Абай гуманизмі нәр алған үш бұлақ.

2.Абай өлеңдеріндегі адамгершілік үн.

3.Абай поэзиясы – адамдық жолын нұсқаушы.

ІІІ. Қорытынды:

1.Абай – қазақ әдебиетін биіс белеске көтеруші.

5.Адамзат тудырған алып тұлға

(Абай Құнанбайұлы туралы)

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сол сендей жанның

Әлемнің құлағынан әні кетпес!

Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,

Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.

Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,

Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.

Мағжан Жұмабаев

Жоспар:

І. Кіріспе:

1. Абайдың өскен ортасы, өнегелі өмірі.

2. Абай – қазақ поэзиясына жаңалық енгізуші.

(Ер Тарғын жырындағы Тарғын бейнесі)

Аттанбадым олжа үшін,

Сыңсып жатқан мал үшін.

Аттанғаным кәуірге

Атамның ежелгі кегі үшін.

«Ер Тарғын жырынан»

Жоспар:

І. Кіріспе:

Батыр – ел қорғаны.

ІІ. Негізгі бөлім:

1.Тарлансыз Тарғын жоқ.

2.Адал жар – батырдың жан серігі.

3.Опасызда ар болмас.

ІІІ. Қорытынды:

Жырдың маңызы мен көркемдік ерекшеліктері.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 126 Kb
Количество скачиваний: 75
Просмотров: 311

Похожие материалы