Шығармашылық жоба. Кесте тігу өнері

Предмет: Технология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Шығармашылық жоба. Кесте тігу өнері       Жобаның мақсаты: жалпы кесте түрлерімен таныстыру, тігу технологясымен көрсетіп, тігілу технологиясын меңгерту. Халықтың  қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту. Кесте  тігістерінің орындалу әдіс - тәсілдерін меңгерту, қол икемділігін дамыту. Қолөнерді  үйрету арқылы атадан қалған салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.   Жобаның  міндеті: - Оқушыларға сыныптан тыс үйірме жұмысы кезінде кесте тігу өнерінің теориялық негіздерін айқындау. - Оқушыларға кесте тігу барысында әр түрлі ою өрнектер нақыштарын қолдануды үйрету. - Толық тігіліп біткен жұмысты безендіру әдістерін үйрету. Жобаның болжамы: осы зерттеп жатқан жобамды, жұмысымды тоқтатпай әрі қарай жалғастыру.  Жобаның нысаны: Бейнелеу өнерінің түрі сәндік қолданбалы өнер саласы бойынша кесте тігу өнерін игеру жолдары.  Жұмыстың әдістемелік жаңалығы: 1. Кесте тігу өнерінің мектептегі сыныптан тыс үйірме жұмысы барысында жүргізудің жолдары мен әдістері айқындалады. 2. Кестеленетін жұмыстың мұражай экспонаты ретінде дайындалуы қаралады. Практикалық құндылығы: жұмыстың жазба бөлімінде берілген мәліметтер: кесте өнері, кесте өнерінің түрлері, кесте тігу өнерінің технологиясы, жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс үйірме жұмыстарында, сондай-ақ жеке тапсырыстар бойынша жұмыс жасайтын шебержаналарға көмекші құрал ретінде пайдалануға қажет.                         Мазмұны:   І. Кіріспе   ІІ. Негізгі бөлім   ІІІ. Қорытынды   ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.                                                                                     Кіріспе Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұрасының өсу бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін қолданылатын құрал - саймандар: Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті сатаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс боялған мата.                                               Негізгі бөлім   Қазақ халқының қол тігістері өзінің тігілу әдісі мен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді де, олардың әрқайсысы өз атауларымен аталады. Батырып тігу. Бұл былғары, киіз, көрпе сияқты қалың заттарға ғана қолданылады. Оның үстіңгі өң жағы өте жиі шаншылып, ал астыңғы жібі қатты тартылып алыс шаншу арқылы үстіңгі жіпті сіңіріп отырып тігіледі. Шебер неғұрлым жіптің өң бетте көрінбей тұруын қарастырады. «Бұзау тіс», тұмарша орындалу жағынан қарапайым, жүрдек тігістер. Бұзау тіс екі жапсарды қосатын тігіс. Бұл әдіспен көбінесе қалың киіз, жабағы сияқты заттарды шеттестіріп тігеді. «Бұзау тіс» тігісі заттың шетін кезек түйреп алып, жапсардан өткізіп отыру арқылы орындалады. Тұмарша тігісін көбінесе орамалдың шетін жинауға қолданады. Бұл тігіс матаның шетін бекітіп, соның ізімен қайта жөрмеу арқылы орындалады. Бүрме тігіс әр түрлі желбірлерді, қос етектерді бүре жап - сырғанда, бүрмелі жағаларға, етіктің басын қалыпқа салып ұлтарақшаға жапсырғанда, бір заттың шетін жинай тіккенде қолданылады. Бүрме тігістер көбіне екі қатар жүргізіледі. Мұнда иненің әрбір шаншымы сиректеу келеді де, жіптің бүре тартылуымен жиырыла тігіледі. Бүрмелердің қатпар жасалып, тізбелей жиырыла тігілуі мүмкін.     Қорытынды               Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулықпен әсемдікті таңдайда, талғай білген. өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерді мұрат тұтып жетілдіре білген. Шеберліктің небір сән саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап меңгеріп біздің дәуірімізге ұштастырған.                                                                  Пайдаланылған әдебиеттер. 1. Әбдуәлиева Ш. Халық қолөнері.  Алматы 1992ж. 2. Қасиманов С.Қазақ халқының қолөнері.  Алматы «Қазақстан» 1995ж. 3. Марғұлан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Алматы «өнер» 1986ж том1, том2, том3.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 24.2 Kb
Количество скачиваний: 247
Просмотров: 709

Похожие материалы