"Шыншылдық - адамдықтың белгісі"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Шыншыл болу кез келен адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда ғана әділдікке кол жеткізеді. Елге сыйлы болады.Ал өтірік айтқан адамға көпшілік жақындағысы келмейді.Ол өзінің сыйын жоғалтады. Кластер құрастыру: -Балалардың алдына сөздер жазылған қағаздар тарату. Бақыт, қуаныш, ренжітеді, ұят, сенімділік, сенімсіздік, жамандық, жақсылық. Осы сөздердің орнын анықтап, орналастыру. Шындық неге жеткізеді? Өтірік неге жеткізеді? Қортындылау: -Балалар, өтіріктің адамға пайдасы бар ма екен? ( Өтіріктің адамға пайдасы жоқ ) Ол саған уақытша ғана пайда әкеледі де, өмір бойы өтірікші деген атқа ие болады екенсің. Өтірік айтып өмір бойы жаман адам болғанша, шындықты айтып адал адам болған дұрыс. Шындық саған өмірлік қуаныш сыйлайды. Жүректен жүрекке: Тақтада күн тәріздес дөңгелек қағаз, ортасында « мен қандай баламын » деп жазылған.(Жақсы сөздер жазу) -Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгіліп тұрған «күнді» құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылулық сыйлап тұр. Біз де сол күн сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлай отырып, шындық жайлы өлең шумағын жүректен – жүрекке жеткізейік. -Қанеки, қолдарымызды көтерейік бір – бірімізге алақанымызды жақындатайық, шындық жалынын сезінейік. Әр нәрсенің байламын, Шындықпенен шешейік. Дақ түсірмей жүрекке, Тәтті ғұмыр кешейік. -Ал, балалар, сабағымызды жақсы сөздермен бастасақ.Енді жақсы тілекпен сабағымызды аяқтайық. -Келгендеріңізге рахмет! -Сау болыңыздар!

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.57 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 126

Похожие материалы