Шыңғыс Айтматов: дүние деген «Шығыс және Батыстың ұлттық мәдениеттерінің өрнегі»

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

2013 ж. 14 – 16 қарашада Бішкек пен Ыстықкөл жағалауында әлемге әйгілі қырғыз жазушысы-гуманисі, мемлекет және қоғам қайраткері, әлемнің түрлі сыйлықтарының иегері Шыңгыс Төреқұлұлы Айтматовтың 85 жылдық мерей тойына арналған «Шыңгыс Айтматов және оның Ыстықкөл форумы: мәдениеттер диалогы және өркениеттердің жақындасуы» атты халықаралық форумы өтті.

 

Бірінші күні дәстүрлі түрде Бішкек қаласындағы Ш. Айтматовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Жазушының сүйегі қойылған «Атабейіт» мемориалдық кешенінде Қырғыз Республикасының Президенті А. Атамбаев Ш. Айтматовтың комплексін ашты. Өз сөзінде ол Ш. Айтматовтың дүние салғаннан кейін Қырғызстан көп нәрседен айырылды деп көрсетті. Сонымен бірге Президент Қырғызстанда Манас пен Айтматов сияқты азаматтары әлі де болса дүниеге келеді деген сенім білдірді. Митингте атақты жазушының інісі Ильгиз, ұлы Асқар ағасы мен әкесі туралы естеліктер айтты. Біздің қазақ ақыны, қоғам және мемлекет қайраткері, «Ш. Айтматовтың атындағы Халықаралық Ыстықкөл форумы» атты халықаралық қоғамдық бірлестігінің өкілі, Қазақстанның халық жазушысы  Мұхтар Шаханов осы митингте әріптесі және дипломатиялық қызметте бірге болған жолдасы туралы әңгіме айтып, өзінің «Екі Шыңғыс» деген өлеңін оқыды. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 51 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 124

Похожие материалы