«Сиқырлы сандық» ашық сабақ

Предмет: Музыка
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Ән-күй

Тақырыбы: «Сиқырлы сандық»

Мақсаты: М.Монтессорий технологиясының элементтерін қолдана отырып, өткен тақырыптар бойынша музыкалық репертуарды қайталау, пысықтау,бекіту.

Көрнекі құрал: Сиқырлы сандық, музыкалық аспаптар, жіп, кружка.

Қостілдік құрам: ән – музыка, би – танец, сандық – сундук, қуаныш – радость.

(Көңілді музыка қосылады. Балалар залға саппен ұйымдасып келеді).

Балалар саппен келіп түрлі қимылдар жасайды. Орташа екпіндегі музыка қосылады да, балалар тағы әртүрлі қимылдар жасайды.

Оң қол жақпен, сол қол жақпен бір қырынан жүру.

Аяқтың ұшымен, қолды көтеріп, белді тік ұстап залды айнала жүреді.

Балалар шеңбер жасап тұрады.

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Амандасады.

Шаттық шеңберін құрады.

Қимылдарды қайталайды.

Шаттық шеңбері.

Армысың сен – әлем,

Армысың сен - жарық күн,

Армысың, армысың

Абзал адам армысың!

Здраствуй, Мир!

Здраствуй, свет!

Здраствуй, добрый человек!

Здраствуй, Мир!

Здраствуй, свет!

Здраствуй, добрый человек!

МЖ:Балалар, мен мына жіпті бекер қойған жоқпын, сендер осы жіппен қолдарыңа мына ішінде суы бар кружканы алып, жүру керексіңдер. Бір айналып болған соң, кружканы орнына әкеліп қойыңдар. Жарай ма?

Балалар келіседі де, жіптен өте бастайды.

 

 

Музыка қосылады, залға қолында хабарлайтын аспабы бар Хабаршы келеді.

Балалар таңырқап тыңдайды.

Хабаршы: Уа, халайық, жараңдар!

Бәрің бері қараңдар! Сұлтан ханның жарлығын тыңдаңдар! Сұлтан ханның жан дегенде жалғыз қызы, ай десе ай, күн десе күн, Шахизада ханшайымның көңіл – күйі жоқ. Ханшайымның көңілін кімде – кім көтерсе, сол адамға алтын беріледі, алтын.(дейді де, шығып кетеді)

МЖ:Балалар, естідіңдер ме? Сұлтан ханның қызы Шахизада ханшайымның көңіл – күйі жоқ екен.

Сұлтан ханның сарайына аттануымыз керек.

Көңілін көтереміз ба? Бірақ қалай?

Балалар, таптым мынау центрмен көреміз ба? Бірақ, оны өзімізбен бірге алып жүре алмаймыз. Жоқ, онымен қалай көңілін көтереміз. Болмайды.

Таптым, менде ноутбук бар. Мүмкін соның көмегімен сандық жасап, сосын, міне, біздің әндеріміз бен билеріміз мына үнтаспада, үнтаспаны салып, сол сандықтың көмегімен Шахизада ханшайымның көңілін көтереміз.

 Сандық жасауға көмектеседі.

Балалар, біз не жасадық?

Сандық

Балалардың жауабы

Қане, бәріміз бірге орысша айтайық.

Сандық – сундук

Қайталайды.

Сандық – сундук.

Радость – қуаныш.

(Сандық жасайды, ашып қалғанда музыка ойналады)

Музыка тыңдау: Көңілді

Музыканы тыңдайды.

Балалар, мына музыканың көңіл – күйі қандай? Ал, біздің көңіл – күйіміз қандай?

Көңілді. Біздің көңіл – күйіміз де көңілді.

Ал, онда кеттік, жолға шығайық.

Жолға шығуға келіседі.

Бойымызды жазып барайық:

Қолымызды шапалақтаймыз clap – clap - clap

Аяғымызбен тебінеміз stamp – stamp - stamp

Міне, былай билейміз dance – dance - dance

Жоғарыға ұшамыз fly – fly - fly

Балық сияқты билейміз swim  - swim - swim

Сергіту сәтін айтады.

Ханның сарайына келіп, ханмен амандасады.

Хан: Менің қызымның көңіл – күйі жоқ. Не істейміз? (деп көңіл – күйі болмай отырады)

МЖ: Сұлтан хан біз ханшайымға көмектесуге келдік. Оның көңілін қайтаруға барынша көмектесеміз.

Хан: Ой, сендер ма? Қолдарыңнан келмейді, текке әуре болмаңдар!

Жан – жақтан сайқымазақтар келсе де, Шахизадамның көңілін көтере алмады.

МЖ: Жоқ, бізге көңілін қайтарып береміз.

Хан: Сендер оған көмектесе аласыңдар ма? Көмектессеңдер, сендерге алтын беремін.

МЖ: Сәлеметсіз бе, Ханшайым! Біз сіздің көңіл – күйіңіз жоқ екенін естіп, көңіліңізді көтеруге келдік.

Ханшайым: Жоқ, кетіңдер! Маған ешкім керек емес.

МЖ: Балалар не істейміз?

Ақылдасады.

Мүмкін, білетін дауыс ояту жаттығуын айтып берерміз, а?

Ия, қане, бәріміз бірге.

«А» дыбысына дауыс ояту жаттығуын айтады.

Балалар бір – біріне қарама – қарсы тұрып, Мұрындарын қысып, бастарын шайқап, түрлерін бұзып, «а» дыбысына дауыс ояту жаттығуын жасау

(Ханшайым басын шайқап) Жоқ, жоқ, маған мүлде ұнамайды.

МЖ: Балалар не істейміз?

Ән айтып берейік.

Ән айтып береміз ба?

Балалар келіседі.

Бірақ қандай?

Қандай ән айтып береміз?

«Жау, жау, жаңбыр» әнін айтайық па? Жоқ – жоқ, ол болмайды.

Мүмкін, «Достық» әнін айтып берерміз.

Сандықты ашып, музыка қосамыз. Балалар, әнді минусовкамен айтады.

Әнді айқайламай орындайды. 

(Ханшайым менсінбей) Жоқ, алып кетіңдер мыналарды, олар менің көңілімді көтере алмады.

МЖ: Жоқ, Шахизада ханшайым бұл әлі басы, біздің балалар көптеген әндер біледі, қазір (дейді де, балалармен ақылдасады)

ӘН: «Жас дәуірдің түлегіміз» (минусовкамен)

Балалар қане, бәріміз бірге айтайық.

МЖ: Міне, ханшайым көрдің бе?

Сіз үшін тағы бір ән салып береміз.

(Ақылдасады)

Балалар, қандай ән салып береміз?

Қошақаным қайда екен?

Жарайсыңдар! Ханшайым тыңда қазақтың ұлттық аспаптарын пайдалану арқылы ән орындап береміз.

Жаңа ән:«Қошақаным қайда екен?»

Әнді нақышына келтіріп айтады.

(Ханшайым қуанады)

МЖ: Балалар, ханшайымның көңіл – күйі аздап көтерілген сияқты. Қарайықшы, біздің сандықта тағы да не бар екенін.

Ааа, би бар екен. Қане, қандай би билейміз? Әнді әртүрлі аспаптарды пайдаланып орындайды.

Африканың «Кукарела» биі.

Дұрыс айтасыңдар, Африканың «Кукарела» биі. Билеп берейік. Мүмкін, Ханшайымның көңілі көтеріліп қалар

(Ханшайымның билегісі келіп, иығы қозғалып, көздері жыпылықтап отырады)

Қолдарына жалбыршақтар ұстап, бәрі бірге шеңбермен билейді.

Бидің соңында балалар бәрі шеңбермен айналады, сонда Шахизада ханшайым да олармен билейді.

Балалар шеңбермен айналып билеп жүреді.

Ханшайым: Жарайсыңдар, балалар! Сендер менің көңілімді көтердіңдер! Рахмет сендерге!

МЖ: Ханшайым сіздің көңіл – күйіңіз орнына келді, бізбен бірге ойын ойнайсыз ба?

Ханшайым: Әрине, ойнаймын.

МЖ: Келіңдер, балалар. Бәріміз ойын ойнайық. «Кім бірінші сылдырмақты көтереді?»

Ойынның шартымен түсіндіріп кетейін. Ортаға орындық қойып, үстіне бір сылдырмақ қоямын, сендер екі топқа бөлініп, шеңбермен билеп жүресіңдер, ал мен домбыра тартып отырамын, мен тартуды қойғанда сылдырмақты алып үлгеру керек. Кімде – кім алып үлгереді, сылдырмақты сылдырлату керек.

Сол бала жеңімпаз болады.

Ойынды бірнеше рет қайталайды.

МЖ:Алақай! Біздің қолымыздан келді.

Хан: Жарайсыңдар, балалар!

Сендер өздерің тек қана өнерлі емес, алғыр да екенсіңдер! Сендер бізге ән айтып, би билеп бердіңдер! Сендер менің жан дегенде жалғыз ай мен күнім, Шахизадамның көңіл – күйін көтеріп бердіңдер! Сол үшін сендерге мың алғыс! Міне, мен өзімнің уәдем бойынша, алтын берейін. Мінекей, алыңдар!(деп алтын таратады)

Алтынды алып, рахмет айтады.    

 

МЖ: Сұлтан хан, ол біздің емес, мына сиқырлы сандықтың арқасы. Солай емес па, балалар? Біз әнді де, биді де осы сандықтың арқасында айттық. Енді, біздің кететін уақыт болды. Мүмкін, сіздерде тағы да қиындық болып қалып жүрер,мына сиқырлы сандықты сіздерге тастап кетейік. (Ханшайым сандықты айналып, қарап жүреді)

 

(Балалармен бірге музыка залын бір рет айналып, әртүрлі қимыл жасап, орындыққа келіп отырамыз.

 

МЖ: Балалар, сендерге сабақұнады ма? Несімен ұнады?

Біз бүгінгі сабақта қайда бардық? Қандай ән айтып, қай халықтың биін биледік.

Сұрақтарға жауап береді.

Қоштасып топтарына саппен қайтады.

Бүгінгі сабаққа ат салысқан балаларды жеке – жеке мақтау.

Мақтауға көңілдерін білдіру

Балалар, маған сендердің жіптің бойымен жүргендерің ұнап қалды, тағы да жүріп көріңдерші. Бүгінгі сабағымыз аяқталды, балалар сендерге көп рахмет!

(жіптің бойымен саппен жүріп, залдан шығып кетеді).

Жіптің үстімен жүреді

Сау болыңыздар!

 

Тип материала: Неизвестен (jpg)
Размер: 325.56 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 222

Похожие материалы