Солтүстік Американың климаты (7 сынып)

Предмет: География
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Солтүстік Америка материгінде экваторлық белдеуден басқа барлық белдеулер өтеді.Тақырыптың мақсаты: Солтүстік Американың  климаты  жайында толық мағлұмат алады.Сыни ойлау көзқарасы, дүниетанымы дамиды.Табиғатты аялауға үйренеді.

      Сабағымды оқушылармен амандасып, шаттық шеңберін құрудан бастадым.Оқушылардан таңырқау сезімдерін байқадым.Бір-біріне  жақсы тілек айтқан кезде кім-кімнің де көңіл күйі көтеріліп қалатыны жасырын емес.Сондықтан сабағымды бір-біріне гүл сыйлау арқылы ізгі тілек айтудан бастадым.Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабақты көтеріңкі көңіл күймен бастады.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты.Шеңбер аясында өткен материалды еске түсіру мақсатында «ыстық картоп» ойынын ойнаттым. Оқушыларды Солтүстік Американың ірі қалалары атымен бөлдім. Пайда болған топтар:Балтимор, Ванкувер, Сан-Франциско, Тампико.

   Сабақта СТО-ның үш кезеңін қолдандым.Атап айтар болсам –қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс.

Тақырыпты ашу үшін интербелсенді тақтаға географиялық терминдер жазып қойдым.Оқушылар жаңа тақырыпты ашты.

Қызығушылығын ояту үшін интербелсенді тақтадан бейне жазба көрсеттім. Ол қауіпті табиғат апаттары –торнадо және ураган жайында болды. Оқушылардың зейіндері шоғырлана бастады. 

Мағынаны тану кезеңінде 2-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл –рөлдік ойын ойнаттым.Ол «Саяхатшылар және журналисттер» деп аталады. Ойын барысында Солтүстік Американың климатымен танысты.

Ой толғаныс кезеңінде СТО-ның  ББҮ стратегиясын қолдандым.Тақтадағы кестені толтырды. Үйге :  Оқулықтағы климаттық диаграммаларға қосымшада берілген жоспар бойынша, талдау жасап, олардың қандай белдеу мен климат жағдайына сәйкес келетінін анықтауды тапсырдым.Әр тапсырма  орындаған сайын оқушыларды шапалақтап, марапаттап отырды.

Сабақты қаншалықты білім алғанын білу мақсатында кері байланыс жасаттым.Мынадай сұрақтар қойдым.

-          Сабақта не ұнады?

-         Сабақта не қиын болды?

-          Тілегің?

Балалар өз пікірлерін үлдірлерге жазып, тақтаға ілді.

Кездескен қиындықтар:

Топқа бөлінудегі шашыраңқылық. Ережеге бағынбау.Уақыттың жетпей қалуы, бағалаудағы түсінбеушілік.

Жетістігім:

Сыныпта оқу ортасы құрылды.Сын тұрғысынан іс-әрекетті жүзеге асты. Топпен және жұппен жұмыс жасауға үйренді.Ынтымақтастық қалыптасты. Өзара пікір алмасуға және өз ойын қорғауға үйренді.

 

Жетілдіру керек:

 Ережеге бағыну.Айтқан пікірлерін дәлелдеп айтуға үйрету.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.42 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 194

Похожие материалы