Сот сабак-1
Предмет:
|
Информатика
|
Категория материала:
|
Другие методич. материалы
|
Автор:
|
Ахметова Гульнур Майлыбаевна
|
Здесь была ссылка на работу Сот сабак-1 автора Ахметова Гульнур Майлыбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
1. Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустан сақтану жолдары. Үй тапсырмасы /тест тапсырмасы арқылы/ 5-10 минут аралығы Оқушылар өздерінің қателерін слайдта дайындалған жауаптардан тексереді. Мұғалімнің өзі бағалайды. ІІІ. Соттың жүруі: /20-25 минут/ Хатшы: - Сот келе жатыр, орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот төрайымы: - Айыпкерді әкеліңіздеңдер!АРЫЗМенің арыз беру себебім, - 19 қараша 2012 жылы интернет арқылы Вирус ілесіп келіп, менің барлық жүйеме зиян келтірді, керек десеңіз жүйедеге барлық бағдарламаға еніп, өз білгенін жасап, қорлық көрсетті. Тек маған ғана емес компьютердің де жұмыс істеуіне кедергі келтіруде, өйткені, жұмыс жасар алдында бағдарламамен бірге кірісіп көптеген қиыншылықтарды тудырды. Вирусқа әділ жазасын берілуін сұраймын. Сот төрайымы: - Сөз жәбірленуші Операциялық Жүйеге беріледі. Хатшы: - Жәбірленуші Операциялық Жүйе шақырылады. /Windows XP салынған суретті бар оқушы шығады/ Операциялық Жүйе: - Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға ант беремін. Арызда жазғандарымды растаймын. Мені осындай күйге түсірген Вирус тиісті жазасын алуын сұраймын. Сот төрайымы: - Айыпкер Вирус! Сіз өзіңіздің қылмысыңызды мойындайсыз ба? Айыпкер Вирус: - Жоқ мойындамаймын.Сот төрайымы: - Олай болса куәгерлер шақырылсын! Хатшы: - Куәгер Компьютер шақырылады. Куәгер Компьютер: - Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін. Мен, Операциялық Жүйесіз жұмыс атқара алмаймын. Иә, Вирус тек Операциялық Жүйеге ғана емес, барлық бағдарламаға еніп кедергі тудыруда. Сондықтан Вирусты бізге жібермейтіндей етіп қамауға алуларыңызды сұраймын. Сот төрайымы: - Олай болса келесі куәгерлерді шақырыңыздар! Хатшы: - Куәгерлер Касперский, Doctor Web, NOD32 шақырылады. Куәгер Касперский: - Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін. Компьютерге вирус жұққаннан бастап, Операциялық Жүйеге зиян келтіруде. Осы жолды қарастыра отырып, Жүйеге енген бар вирусты жойып қолымнан келгенінше жәрдем беріп келемін. Куәгер Doctor Web: - Мен де, Касперский айтқандай Жүйеге зиян келмес үшін өз жәрдемімді аямаймын. Бірақ та Вирус ол жағдайды мүлдем түсінбейді. Тиісінше жазасын алсын. Куәгер NOD32: - Мен де қолымнан келгенінше өз көмегімді беріп келемін. Өйткені біз болмасақ Компьютер мен Операциялық Жүйенің жағдайы қалай болар екені мәлім. Қысқасы, Вирус өз әділ жазасын алсын. Сот төрайымы: - Барлық куәгерлерді тыңдадық, енді сараптаушыны тыңдайық. Сараптаушы: - Мен, соттың тапсырмасы бойынша бұл жағдайды тексеріп, мынадай қорытындыға келдім. Өздеріңіз білесіздер, бүкіл әлемге Вирус айтарлықтай зиян келтіруде. Вирус өздігінен пайда болған жоқ, ол әдейі қасақана жасалынған. Вирустың кінәсі Компьютерге еніп Операциялық Жүйеге және басқа да бағдарламаларға зиян келтіргені. Сондықтан да Вирустан дер кезінде қорғанбасақ, келешекте керекті мәліметтерді жоғалтуға душар етеді. Міне, басты себебі осылай. Ал, сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады: - вирустан сақтайтын арнайы бағдарламаларды пайдалану - вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыруСот төрайымы: - Сөз айыптаушыға беріледі. Айыптаушы: - Мен, Қазақстан Республикасының «Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды қорғау» заңының 8 мамыр 2003 жылғы №412-2, 5-тармағы, 20-статьясы, 1-2 бөлімдерін басшылыққа ала отырып, «Ақпараттық жүйелерге рұқсатсыз ену», «Ақпараттарды ұрлау және рұқсатсыз қолдану арқылы қоғамға зиян келтіру», «Ақпараттық жүйелерді бұзу, бүлдіру арқылы компьютерлік жүйенің жұмысына кедергі келтіру» бойынша, Вирус заң алдында жауапты. Вирус Операциялық Жүйеге және де басқа да бағдарламаға айтарлықтай зиян келтірді. Сондықтан да бүкіл әлемге танымал Вирусты, заң жүзінде өмірлікке сотталуын сұранамын.Сот төрайымы: - Сөз қорғаушыға беріледі Қорғаушы: - Мен, Вирусты қорғаушы ретінде айтарым, вирустың ешбір кінәсі жоқ деп айта алмаймын. Өйткені істі жүргізу барысында біраз жайттарға қанық болдым. Бірақ та ең бірінші Вирусты ойлап тапқан кінәлілерді тауып, жазалау керектігін баса айтқым келеді. Адам ойлап таппаса Вирус мұнда отырмас еді. Сол себептен Вирус «Айып пұл» төлеп, сот отырысынан босатуыңызды сұранамын. Хатшы: - Тұрыңыздар! Сот кеңесуге кетеді /сот 1-2 минут кеңесуге шығып кетеді/ Хатшы: - Тұрыңыздар! Сот келе жатыр! /Үкім оқылады/ Сот төрайымы: - Мен, Қазақстан Республикасының «Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды қорғау» заңының 8 мамыр 2003 жылғы №412-2, 5-тармағы, 20-статьясы, 1-2 бөлімдерін басшылыққа ала отырып, «Ақпараттық жүйелерге рұқсатсыз ену», «Ақпараттарды ұрлау және рұқсатсыз қолдану арқылы қоғамға зиян келтіру», «Ақпараттық жүйелерді бұзу, бүлдіру арқылы компьютерлік жүйенің жұмысына кедергі келтіру» бойынша, Вирустың кінәсі бар екендігін айта келе «Айып пұл» төлеп сот отырысынан босатылады. Бұл жағдайда, негізгі кінәлілерді тауып, тергеу ісі қайта жүргізілсін. Осымен сот отырысын жабық деп жариялаймын. Сабақты қорытындылау, бекіту:
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (doc)
|
Размер:
|
194.5 Kb
|
Количество скачиваний:
|
9
|
Просмотров: 138
Похожие материалы