Спирттер қимиялық қасиеттері (11-сынып)

Предмет: Химия
Категория материала: Презентации
Автор:

Этил спиртінің ең жақын гомологы – метанол СН3ОН (метил спирті). Оны ертеде ағашты  құрғақ айдау арқылы алғандықтан ағаш спирті  деп атаған. Метанол  - өзіне тән исі бар, түссіз, өте улы  сұйық зат. Шамамен 10 грамын  пайдаланған  адам көз жанарынан  айырылса, көбірек  мөлшері  өмірге қауіпті. Метанолды химия өнеркәсібінде  еріткіштер ретінде  және формальдегид пен күрделі  эфирлерді алу үшін қолданады.Халықаралық атау жүйесі бойынша  - пропантриол. Глицерин – түссіз, иіссіз, қоймалжың сұйық зат. Ол ылғалды жақсы таратын гигроскопиялы зат, сондықтан суда жақсы ериді. Тәтті дәмі бар. Көптеген заттарды ерітетін қасиеті бар.оны парфюмерлік, косметикалық өнеркәсіпте сабын, түрлі  крем, майлардың құрамына қосу үшін қолданады.. Өйткені теріні жұмсартып, ылғалдандырғыш қасиеті бар. Одан басқа түрлі шайырлар,  қопарғыш заттар алуға және формацевтикада      дәрі – дәрмек ретінде пайдаланады. 

 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 4.7 Mb
Количество скачиваний: 3
Просмотров: 122

Похожие материалы