Sport and games

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Презентации
Автор:

Қазақстан Республикасының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы бағдарламасының үшінші (негізгі) деңгейі бойынша мектептегі тәжірибе кезеңін іске асыру барысындағы Жарық жалпы білім беретін орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Жаукумова Қамар Қайратқызының тізбектелген сабақтар топтамасының

қысқа мерзімді жоспары

Сыныбы: 7-сынып

Пәні: Ағылшын тілі, Алматы: Атамұра, 2012 ж.

Авторлары: Т.Аяпова, З.Әбілдаева, Ж.Тұтбаева

Оқу жүктемесі: аптасына - 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.

Пән мұғалімі: Жаукумова Камар Кайратовна

№1Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мұғалімі: Жаукумова Камар Кайратқызы

Күні: 10.04.2015

Сыныбы: 7

Пәні: ағылшын тілі

Тақырыбы: Спорт және спорттық ойындар

Мақсаты:

- Спорт пен спорттық ойын түрлерін білу және түсіну;

- сөйлеу тілін дамыту, спорт түрлері туралы білетін ақпараттыжәнеалған білімді қолдану;

- лексикалық және грамматикалық білімді жинақтау арқылы жазбаша ой түйіндеу,өзін-өзі бағалау.

Күтілетін нәтиже:

- Спорт пен спорттық ойындардыажырата біледі және түсінеді;

- алған білімді қолдана отырып “спорттық ойындар” туралы ой тұжырымдайды, салыстырады және талдайды;

- өз ойларын білдіре алады;

- білімді жинақтап жазбаша ой түйіндей отырып өзін-өзі бағалай алады.

Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.Оқыту мен оқудаАКТ-ды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу.Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Стратегиялар: "Good wishes","Спорттық ойындар" , "Бір қадам артқа" , «Сәйкестендір», «Ойлан, жұптас, талқыла», «+, -, қызықты», «Ауада жазу», «Толықтыр», «Венн диаграммасы», «Assosation», «Блоб ағашы».

Сабақ жоспары:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе

5 мин.

2 мин.

"Good wishes"

Мақсаты: жылы лебіз айту

"Спорттық ойындар"

Мақсаты: топтасу

Оқушылардың көңіл-күйін сұрап,бір-бірімен қол ұстасып, жылы лебіз айтуларының сұрау:

  • -Көңіл-күйлерініз қалай?
  • -Бүгінгі сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
  • -Бос уақыттарыңызда немен шұғылданасыздар?
  • -Бүгінгі сабаққа сыныптасыңызға не тілейсіз?

Оқушыларға суреттер таратып беру арқылы төрт, бес оқушыдан тұратын 3 топқа бөлінулерін сұрау.

Оқушылар кезектесіпшеңбер бойымен бір – біріне деген жылы лебіздерін білдіріп, қол ұстасады.

Оқушылар таңдап алған суреттерарқылы төрт, бес оқушыдан тұратын 3 топқа бөлінеді.

«Бас бармақ»

«Тамаша, керемет!»

Суреттер.

Топ атаулары жазылған парақшалар.

Маркерлер.

Тұсаукесер

6мин.

5 мин

3 мин

2 мин

2 мин

"Бір қадам артқа"

Мақсаты: таңдап алған спорттық ойындар туралы ой қозғау

«Атақты спортшылар» бейнежазба

Мақсаты: тақырыптың мазмұнын ашу, түсіну, білу.

«Жаңа сөздер»

Мақсаты: жаңа сөздер меңгеру

«Сәйкестендір»

Мақсаты: интерактивті тақтада ұсынылған кестені сын тұрғысынан ойланып,сөздер мен суреттерді сәйкестендіру арқылы сабақтаАКТ-ні еркін пайдалануға дағдылану.

“Assosation”

Мақсаты:Қазақстандағы спорт түрлеріне ой шақыру.

«+, -, »

Мақсаты: кері байланыс.

Қолдарындағы спорттық ойын түрлері бейнеленген суретке байланысты ой – пікірлерін білдіруді сұрау:

-Мына суреттерде не бейнеленіп тұр?

-Ол спорт түріне сіздің көзқарасыңыз қалай?

-Осы спортпен нені байланыстырасыз?

-Басқа қандай пікір білдіре аласыз?

1.What sport do you prefer?
2.What activities don’t you like?
3.What summer sports do you know?
4.What winter sports do you know?
5.What sport is played all year round?

Интерактивті тақтадан ұсынылған бейне жазбаны көрсетіп,не түсінгендерін сұрау.

  • -Бейне жазба ұнады ма?
  • -Бейне жазба не туралы?
  • -Кілт сөздермен мағынасын аша аласыздар ма? Қандай кілт сөздер?

1.What is your favorite sport?

2.What sports are popular in our country?

3. What kind of sport do you know?

4.Why is sport so important in our life?

Сөздерді сөздік дәптерлеріне жабыстырып алып, мұғалімнен қайталап айтуларын сұрайды

Оқушылардан интерактивті тақтада ұсынылған кестені сын тұрғысынан ойланып,сөздер мен суреттерді сәйкестендіріп көрулерін тапсырады.

(1,2жаттығу, 152-153 бет)

Оқулықтағы15 жаттығудағы кластерді толтыруларын сұрайды.

Оқушыларға кіріспе, тұсаукесер бөлімдері бойынша ауызша рефлексия жасату.

Өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып барынша көбірек ақпаратпен бөлісуге тырысады, ойлау еркіндігін пайдаланып өз көзқарасын білдіруден тайынбайды.

Оқушылар ұсынылған бейнежазбаны көреді. А, В -оқушылары өз ойларын толық жеткізеді,С – оқушылары сұраққа жауап береді.

Көрсетілген сөздерді сөздік дәптерлеріне жабыстырып, қайталап айдады.

Оқушылар интерактивті тақтада ұсынылған кестені сын тұрғысынан ойланып,сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді, қатесін бірден тауып, түзетеді.

Оқулықтағы 15 жаттығудағы кластерді толтырып, толықтырады.

3 топ бір-бірінің жұмысын ауызша бағалайды.

«Тамаша, керемет!»

«Жарайсыңдар!»

«Тамаша, керемет!»

«Тамаша, керемет!»

Суреттер.

Оқулық.

Таныстырылым.

Бейне жазба.

Интерактивті тақтада ұсынылған кесте.

«+, -, »

Негізгі бөлім

10 мин.

2 мин

3 мин.

«Ойлан, жұптас, талқыла»

Мақсат: сын тұрғысынан ойлау арқылы, мәтіндегі негізгі ойды талдау.

«Постер»

Мақсаты: ұлттық ойындардыажырату

«Ауада жазу»

Мақсаты: бойды жазып,ойды сергіту.

«Толықтыр»

Мақсаты:мәтінді оқып, ой тұжырымдау

- оқулықтағы 4 жаттығуда (154 бет) берілген мәтінді оқып, топта талдауларын сұрау.

Оқулықтағы 5 жаттығу (155 бет ) бойынша әр топқа сәйкесінше ұлттық ойындарға постер жасату.

Оқушыларға дене мүшелерімен ауада

1 -ден 10 –ға дейін сандарды жазып, бойды жазуды ұсыну

Оқушыларға 10 жаттығудағымәтінді оқып, мәтін бойынша 14 жаттығуды толықтыруларын сұрайды.

Жұптаса, топтаса отырып, белсенді әрекет жасайды.

Әр топқа сәйкесінше ұсынылған ұлттық ойындарға шапшаңдықпенпостержасап, бірінші қорғауға тырысады.

Оқушылардың барлығыдене мүшелерімен«ауада жазу» сергіту сәтіне белсене қатысады.

Оқушылар 10 жаттығудағымәтінді оқып, мәтін бойынша 14 жаттығуды толықтырып, дәлелдейді.

«Тамаша, керемет!»

«Жарайсыңдар!»

«Бас бармақ»

Оқулық.

Интерактивті тақта.

Қорытынды

3 мин.

2 мин.

«Венн диаграммасы»

Мақсаты: Қазақстан мен Британияның спорттық ойындарын салыстырып, айырмашылығын табу

«Блоб ағашы»

Мақсаты: өзін-өзі бағалау

Қазақстан мен Британияның спорттық ойындарын салыстырып, айырмашылығын табуларын сұрайды.

Бүгінгі сабақ бойынша оқушылардың қандай деңгейде екенін көрсетуді

және әр оқушыға кері байланыс жасау арқылы өзіне баға беруді ұсыну.

Қазақстан мен Британияның спорттық ойындарын салыстырып, айырмашылығын табады.

Бүгінгі сабақ бойынша оқушылар қандай деңгейде екенін көрсетеді

жәнесабақтан үйренгендерін стикерға жазып өзін – өзі бағалайды.

«Жарайсыңдар!»

«Тамаша, керемет!»

Оқулық .

Кері байланыс.

Стикерлер.

Блоб ағашы.


Үй тапсырмасы

156 бет 12 жаттығуды, 157 бет 17 жаттығудыорындауды тапсыру.

156 бет 12 жаттығуды, 157 бет 17 жаттығудыжазып алады.


Оқулық

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 2.45 Mb
Количество скачиваний: 31
Просмотров: 159

Похожие материалы