Сұрыптау және оның міндеттері.
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Тесты |
Автор: |
Тезекбаева Айжан Жомартовна
|
9-тарау. Сұрыптау,оның міндеттері. 9 сынып
1-нұсқа
1) Дүние жүзіндегі мәдени өсімдіктердің шығу тегін зерттеп, мәдени орталықтарын ашқан ғалым кім?
А) И.Мичурин ә) Н.Вавилов б) В.Ковалевский в) Г.Карпеченко
2) Қайсысы мәдени өсімдік
А) Жуа ә) Жусан б) Тары в) Ебелек
3) Сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір түр дараларының жиынтығы
А) Іріктеме ә) Жинаушы кезең б) Қолтұқым в) селекция
4) Қазақстанда өсімдіктер генетикасы мен селекциясын зерттеуді өркендетуші
А) С.Я.Шабаев ә) А.Б.Бұқтыбаева б)И.Г.Цыганков в) К.Мыңбаев
5) Жануарлардың қолдан шығарған түрі қалай атаады?
А) Іріктеме ә) Қолтұқым б) Селекция В) Жинаушы кезең
6) Вавилов еңбегінде неше орталықты ажыратты?
А) Алты ә) Сегіз б) Жеті в) Тоғыз
7) Картоптың отаны
А) Оңтүстік Америка ә) Солтүстік Америка б) Азия в) Иран
8) Адамзат білімінің ең жаңа білім саласы:
а) гендік инженерия ә) будандастыру б)шағылыстыру в) мутагенез
9) Әр түрлі ағзаларды будандастырудың атауы:
а) инбридинг ә) аутбридинг б) полиплоидия в) мутация
10) Бірінші ұрпақ гибридтері сапа жөнінен ата-анасынан жоғары,келесі ұрпақта төмендейтін құбылыс –
а) мутагенез ә) полиплоидия б) гетерозис в) аутбридинг
11) Сұрыптаудың неше түрі бар? а) 3 ә) 1 б) 4 в) 2
12) Арқар мен саулық қойларды жұптастырып алынған қолтұқым:
а) қашыр ә) арқар-меринос б) құлжа в) биязы жүнді қой
13) Қазақтың биязы жүнді қойы қай ғалымның жетекшілігімен шығарылды?
А) И.Мичурин ә) Н.Вавилов б) В.А.Бальмонть в) Г.Карпеченко
14) Жүгерінің отаны:
А) Оңтүстік Мексика ә) Солтүстік Америка б) Азия в) Иран
15) Бағыттағы мутагенез нәтижесінде дарақтардың хромосомалар саны еселеп артуы не деп аталады?
а) мутагенез ә) полиплоидия б) гетерозис в) аутбридинг
9-тарау. Сұрыптау,оның міндеттері. 9 сынып
2-нұсқа
1) Ауыл шаруашылығы жануарларының қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктің іріктемелерін жақсарту және жаңа түрлерін жасау туралы ғылым:
а) мутация ә) селекция б) генетика в) мутагенез
2) Сұрыптаудың негізгі әдісін ата:
а)Қолдан сұрыптау ә) табиғи сұрыптау б) полиплоидия в) инбридинг
3) Жақын туыстық будандастырудың атауы:
а) инбридинг ә) аутбридинг б) полиплоидия в) мутация
4) Жылқы мен есекті будандастырғанда не алынды?
а) құлжа ә) арқар-меринос б) қашыр в) биязы жүнді қой
5) Мутация мөлшерін саналы түрде арттыру:
а) аутбридинг ә) полиплоидия б) гетерозис в) бағытты мутагенез
6) Полиплоидтау әдісімен қырыққабат-шомыр буданын шығарған ғалымды белгіле.
А) И.Мичурин ә) Н.Вавилов б) В.Ковалевский в) Г.Карпеченко
7) Генетикалық заңдылықтарға сүйенбей,жеміс-жидек дақылдарының өте көп іріктемелерін шығарған ғалым кім?
А) И.Мичурин ә) Н.Вавилов б) В.Ковалевский в) Г.Карпеченко
8) Жануарларды қолға үйретудің неше орталығы бар??
А) жеті ә) Сегіз б) алты в) Тоғыз
9) Үрмебұршақтың отаны:
А) Оңтүстік Мексика ә) Солтүстік Америка б) Азия в) Иран
10) Қайсысы мәдени өсімдік
А) Жуа ә) Жусан б) картоп в) Ебелек
11) Етті бағыттағы қазақтың ақбас сиырын шығарған ғалымдар кімдер?
А) Б.М.Мусин,Н.З.Ғалиакбаров ә) Д.Н.Пак басқарған б) В.Ковалевский
12) Микроағзалардан алынады:
А) Іріктеме ә) Қолтұқым б) себінді(штамм) В) Жинаушы кезең
13) Микроағзалар мен биологиялық процестерді адамның мақсатына сай өндірісте қолдану не деп аталады?
а) биотехнология ә) селекция б) генетика в) гендік инженерия
14) Будандастырудың неше түрі бар? а) 2 ә) 3 б) 4 в) 5
15) Пенициллин неден алынады?
а) улы саңырауқұлақтан ә) қынадан
б) мүктерден в) зең саңырауқұлағынан
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 37 Kb |
Количество скачиваний: | 31 |