Статия по физкультуре на тему:"Национальные игры"
Предмет: | Физкультура |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Касымов Калжан Даненович
|
Тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық ойындары - баланы тәрбиелеудің басты құралы
Аударыспақ – қазақ халқының ат үстінде тартысып ойнайтын спорттық ойыны. Ойынның ежелден қалыптасқан шарты бойынша сайыскерлер бір-бірін жекпе-жек бәсекеде ат үстінен аударып түсіруі қажет. Он сегіз жасқа толмаған жігіттер жарысқа жіберілмейді. 65кг дейін – жеңіл, 65-80кг – орта, 80кг жоғарылары – ауыр салмақ дәрежесі болып бөлінеді. Жарыс жекелей және командалық жүйемен жүргізіледі. Аударыспақ – қарулылықты, батылдылықты, ептілікті, ат құлағында ойнауды талап ететін спорт. Аударыспақта белбеуден төмен ұстауға, қарсыласын тұншықтыруға немесе жарақаттануға соқтыратын әрекеттерге, қолды, аяқты, мойынды бұрауға, саусақты, буынды қайыруға, сығуға, бәсекелестердің атын ұруға тыйым салынады.
Ақсүйек – ұлттық ойын. Жігіттер мен қыздар жиналып, жаздың айлы түнінде ашық далада ойнайды. Ақсүйек ойынына малдың ақсөңке болып қураған жілігі немесе қабығы аршылған, ұзындығы екі қарыстай жұмыр ақ таяқша пайдаланылады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Ойынды бастау жеребе тастау арқылы анықталады. Содан кейін ойын бастаушы Ақсүйекті бар пәрменімен алысқа лақтырады. Жастар таяқты іздеуге кіріседі.
Оны тапқан ойыншы өз серіктеріне дыбыс беріп, сөреге қарай жүгіре жөнеледі. Серіктері оның тосқауылға тап болмауына көмектеседі. Қарсыластары қалайда Ақсүйекті тартып алудың амалын жасап бағады. Ақсүйекті тартып алса, өздері де біріне-бірі қол жалғап, сөреге жетуге ұмтылады. Бұл тартыста Ақсүйекті сөреге жеткізген топ жеңген саналады. Ойын шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулиды.
Қазіргі күндері адамдар арасындағы қарым- қатынаста ізгіліқ, сыйласымдылық, жанашырлық, бір- біріне деген көмек сияқты адамгершілі асыл қасиеттердің тамшылығы жайлы көп айтылып жүр. Сол адамгершілік тәрбиенің аталмыш қасиеттерін бала бойына дарыту әдістерінің бірі қимыл- қозғалысты ойындар деп қарастырып, осы мәселеге тоқталғанды жөн көріп отырмын.
Баршамызға белгілі, адамның тұлғалық қалыптасуы, қоршаған ортамен, болмыспен танысуы балалық шағында өте қауырт болады. Күннен күнге өсіп келе жатқан жас тәннің ең негізгі қажет ететіні қимыл-қозғалыстар, ойындар болып табылады. Бала тәрбиесіне ықпал ететін осы жол менің ойымша тиімді де дурыс әдістердің бірі сияқты. Өйткені ойын арқылы баланы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге болады. Ал оның тиімділігі тәрбиешілердің балаларға жаңа қимыл-қозғалыстар, ойындар үйрету кезінде олардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, лайықты ойындар тағайындауына тікелей бай- ланысты болады. Біз болашақ ұрпағымызға тілімізді ғана үйретіп қоймай, салт-санамызды, эдет-ғурпымызды, дәстүрімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына жағдай жасауымыз қажет.
Бұл ретте ойындардың, әсіресе улттық ойындардың мәні өте зор. Оларды қолдану негізінен дене тәрбиесі сабақтарында, спорттық жарыстар, серуендер кезінде жүзеге асады. Орайы келсе тіл дамыту мен көркем әдебиет сабақтарында да пайдаланған жөн сияңты. Себебі наң осы пәндерде санаға көбірек салмақ түседі. Сондай кезде өтетін тақырыпқа байланысты қимыл-ңозғалыстар, жаттығулар, жаңылтпаштар, дене тәрбиесі, сергіту минуттарын уйымдастырса, баланың денесі ширап, көңілі көтеріліп, сабақ материалдарын қабылдау сапасы да артады. Балалар ойын барысында еркін тапқырлық әрекет байңатады, сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ықылас, ерік және т.б. түрлі психикалық түйсік пен сезімділікке тәрбиеленеді.
Бұл ойындарды үйрету, өткізу кезінде көңіл бөлетін негізгі жайлар ойын тәртібінің қатаң саңталуын талап ету болып табылады. Ойын тәртібін булжытпай орындау баланы әділдікке, бір-біріне деген көмекке, өз тобындағы балалармен бірлесіп қимыл жасауға, уйымшылдыңқа тәрбиелейді.
Қазақ халқынын, жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан үлттық дәстүрі, әдет-ғурпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене қурылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады.
Әрбір оқүшы өз денесін жан-жақты жетілдіру үшін қажетті қимыл-қозғалыста. Дене шынықтыру сабағынан басқа бос уақытында қызық халқының ұлттық ойындарын пайдалану арқылы да өзінің денесін шынықтыруға барлық мүмкіндік жасауға болады. Денсаулық сақтау, білім беру, тәрбиелеу сабақтан тыс уақытта да ұлттық ойындар ойнату барысында да іске асырылады Сабақтан тыс уақытта ойнаты-латын ойын түрлері оқушылардың қимыл-қозғалысқа деген икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып отыр. Ол - сандаған ғасырлар бойы үрпақтың керегіне жарап, оларды өміргө әзірлеу қажетін өтеуде. Қазақтың ұлттық ойындары тек денені ғана емес, ойды жатгықтырушы да болып табылады. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген, Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Бүл жерде атап айтатын бір нәрсе, қазақтың үлттық ойындарын бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арт-тырады, сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі. Балалардың назарын сабаққа аудару үшін мұғалім сабақтың ортасында 5-10 минут қимыл-қозғалыс ойындарын ойнатып, олардың қөңілдерің басқа жаққа аударады да, соның негізінде пайда болған ерік- жігерлерін негізі материалдарға аударады. Ал, ойынды сабақтың аяғында, көбіне оқушылар негізі оқу материалдарын меңгерген кезде қолдануға болады. Сабақ бітуге 5-10 мин қалғанда біртіндеп ұлттық ойынға көшкен жөн. Өйткені, оқушылардың үзіліс кезінде байсалды дем алуларына нұқсан келмеу жағын да ескерту орынды. Халық ойындарын пайдалану жасөспірімдердің тек дене тәрбиесіне ғана әсерін тигізіп қоймай, олардың жан-жақты дамуына, санасезімінің өсіп, жетілуіне оқу үлгіріміне де айтарлықтай әсер тигізеді. Мектептегі оқушыларының сабақ үстенде алатын білімін, тәрбиесін жалғастыратын кезең сабақтан тыс уақытта ойналатын ойын түрлері болып табылады. Оқү- тәрбие кездерінде бір-бірімен ұштасатын дәнекерлердің бірі- ұлттық ойындар. Сабақтан тыс уақытта өтілетін, жүргізілетін тәрбие жұмыстарына көп көңіл бөлінбейінше жақсы нәтиже бермейді. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ойындарға әр уақытта мұғалімдер тарапынан қадағалаулар, басшылық болып отырулары қажет. Бала ағзасы қимыл-қозғалыссыз тура алмайды. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үлгірген. Сондықтан ол мектепте де ойнауға, қозғалуға, жүгіруге бейім тұрады. Оқушылардың сабақ уақытында алған тәлім-тәрбиесі, оның саналы, игерілуі де сабақтан тыс уақытта, көпшілік орындарда қарым-қатынасына, үлкендерді сыйлауына байланысты көрініс береді. Ұлттық ойындарды оқушылар жиындарда, үзіліс арасында,сыныптар тыс, бос уақыттарында пайдалану үшін белсенді қабілетті оқушылардың жетекшілік рөлін пайдаланған жөн. Мүғалімдер ұжымы осы оқушы белсеңділер көмегімен, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта үлттық ойындарды ойнатуды жалғастырады. Оған бақылау, басшылық жасайды. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық ойын барысында
Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы үлттық ойындардан басталады. Мысалы, сабақтан тыс уақытта оқушылармен ойнауға мынадай қазақтың улттық ойындарын усынуға болады. "Айгөлек", "Арқан тарту", "Белбеу тастау", "Соқыр теке", "Қойыңа қасқыр шапты", "Ат қума", "Жаяу көкпар", "Түйе-түйе", "Омпы", "Жала уалу", "Қасқыр мен ешкі", "Алшы", "Хан", "Хан жақсы ма?", "Күзетшілер", Ұшты-ұшты", "Көрші-көрші", "Сақина жинау" т.б. Ойындарды өткізу арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстурімен әдет-ғұрпын жоғалтпай, оны әрі қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Қазақтың ұлттық ойындарын сабақта узбей өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін арттырады, денсаулығын нығайтып, денесінің шынығу дөңгейін көтереді. Бұл ақылойдың, мидың қабылдау процесіне де әсер етеді. Сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындар өткізу мынадай кезеңдерден тұрады:
"Сабақтан тыс уақытта балалармен ата-аналар да ойын ұйымдастырып ойнатуға болады. Мысалы, ата-аналар үйымдастыратын ойын түрлері:
1. Жер, су, ауа
2. Кімнің астығы мол?
3. Саяхатшылар
4. Дүкен
5. Не өзгерді? Ойындарды баланың бос уақыттарында ойната отырып, тәрбиелейді.
Ойын баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болсын, ойынмен өседі. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық өзгерістеріне, тұрмыс-тіршілігіне, айналысатын кәсіп-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Ұлттық ойындар - халықтық мол қазына. Сондықтан мүғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қамтамасыз ету керек. Сонда ғана ойын мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Баланың әдепті, көргенді, қарапайым, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты, сонымен бірге сабақта, сабақтан тыс уақытта ойнаған ойынның тәрбиелік мәніне де байланысты болады. Ойын барысында баланың бойында қайырымдылық қасиетті сіңіре білуіміз керек. Ол үшін баланың айналасына қолайлы жағдайлар жасауымыз керек.
а) бала үстаған затгың өз орнында және гигиеналық талапқа сай болуы тиіс;
ә) баланың талабының қанағаттануы қажет;
б) мүғалімнің жеке басының үлгі-өнегесі, мәдениеттілігі, байсалдылығы, мейірімділігі т.б. қасиеттері бала үшін аса маңызды;
в) балалар өмірінің бағдарламалық талапқа сай дүрыс ұйымдастырылуы;
Мүғалім ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруы тиіс.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия 1 том.
2. Сейіт Кенжеахметұлы. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. Алматыкітап баспасы 2010 ж.
3. Сейіт Кенжеахметұлы. Қазақтың дарқан дастарқаны. Алматыкітап баспасы 2010 ж.
4. Қазақ халқының ұлттық киімдері. Алматыкітап 2007 ж.
5. Әлия Сүлейменова, Үсен Қарасайұлы. Ұлттық атаулар – халық мұрасы.
Шымкент қаласы 1999 ж.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 21.88 Kb |
Количество скачиваний: | 27 |