Статья на тему "Практикадағы өзгерістер туралы рефлексивтік есеп"

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

     Бүгінгі таңда оқыту үдерісі жаңа әдіс - тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Біліктілік пен шеберліктерімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биіктікке көтеру - біздің міндетіміз. Заман көшіне ілесу үшін әр ұстаз өз білімін жетілдіріп отыру қажет.

    Жаңа форматты оқыту курстары Бағдарламасында ұсынылған жеті модуль бойынша жұмыс жүргізу әр мұғалімнің жұмысын оңтайландыруға тиімді. Бағдарлама Кембридждік әдістің теориялық негіздері - сындарлы оқыту теориясын қамтиды.Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім- біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Сындарлы оқыту теориясының мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалануын қамтамасыз ету болып табылады.

   Үшінші (базалық) курстар бірінші "Бетпе - бет", "Қашықтықтан оқу", екінші "Бетпе - бет" деп аталатын үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде біз Бағдарламаның теориясын ұжымдағы бірлескен жұмыс арқылы меңгердік, екінші кезеңде Бағдарламаның жеті модулін мектептегі тәжірибемізде қоллдандық, тәжірибеге жаңашылдық көзқарас енгіздік. Үшінші - рефлексия кезеңі. Әр мұғалім мектептегі тәжірибе мен теорияны ұштастырып, портфолио жасады, таныстырылымдар дайындап қорғады. Курс соңында біліктілік емтиханын тапсырдық. Біздің облысымыздың мұғалімдері әр сыннан сүрінбей өтіп, емтиханды ойдағыдай тапсырды. Қазіргі кезде тәжірибеде оқып - тоқығанымды қолданудамыз.

    Қорытындылай келе, оқушының білім алуына келтіретін кедергілерді анықтап, сол кедергілерді жаңа педагогикалық технологияларды оқыту үдерісіне енгізу - әр мұғалімнің мақсаты болуы керек. Өйткені біздің заманымызға сай белсенді, өз бетінше нақты шешімдер қабылдай алатын, жан - жақты дамыған тұлға қалыптастыру қажет. Заман талабына сай өзгеріс енгізу әр ұстаздың міндеті.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 2.8 Mb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 105

Похожие материалы