Статья по казахскому языку на тему "Жаңа заман, жаңа технологиялар"
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Байданова Ботагоз Уразалиевна
|
Жаңа заман,жаңа технологиялар
Байданова Ботагоз Уразалиевна Қызылорда қаласы. Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі.
Соңғы бірнеше ғасырда білім беру мекемелерінде сабақ негізінен ағаштан жасалған тақта көмегімен жүргізілді. Уақыт өте келе, білім беру жүйесі де заман ағымымен күрделі өзгеріске түсіп отырды. Әсіресе, бұл өзгеріс компьютерлік технологиялар заманында айқын сезіле бастады.
Таяу жылдардан бастап, еліміздің тек қалалары мен ірі елді мекендерінің білім ордаларында ғана емес, сонымен бірге шалғайдағы ауыл мектептерінде де интерактивті тақталар кеңінен пайдаланыла бастады.
Осы жаңа технологияға аз-кем тоқталып өтсек... Кешеннің құрамына компьютерге және проекторға тізбектелген порт арқылы қосылатын, қабырғаға ілінетін тақта, басқаруға керекті қалам және жазуға арналған блокнот кіреді. Сонымен қатар тақтаның, проектордың драйвері және орнатылатын арнайы бағдарламалық жабдықтамасы да бар. Осындай құрылғылардың арқасында компьютердің VGA – портына проектор арқылы қосылатын тақтада көрсетілетін ақпаратты сабаққа қатысушылардың барлығы көре алады.
Кешен екі режимде жұмыс істейді: тышқан және аннотация режимі арқылы. Бірінші жағдайда тақта тышқан орнында қолданылып қолданушының іс-әрекетін операциялық жүйеге жеткізеді, екінші жағдайда маркер тікелей қалам ретінде, яғни жазу немесе сурет салу үшін қолданылады. Мұндай жағдайда графикалық редакторды қажет етпей, экран бетінде сурет салуға болады.
Ғалымдар оқушылардың дыбыстан гөрі көзбен көрген ақпаратты тез қабылдайтынын дәлелдеп отыр. Бұл интерактивті тақтаның арқасында оқушылардың мектеп бағдарламасын жылдам қабылдайтынын дәлелдеп тұр.
Мұндай технологияның мектеп бағдарламасына енгізу арқылы оқушылардың соңғы техникаларды тезірек игеруге сеп боламыз. Сондай-ақ, бұл техника еліміздің алдыңғы қатарда тұратын батыстық және американдық білім беру жүйесіне барынша жақындауына мұрындық болады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 97.5 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |