«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дөңгелек стол
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Аленова Бакыт Рахметуллакызы
|
Күні:
Сыныбы: 9ә
Тақырыбы: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дөңгелек стол
Мақсаты:, Оқушыларға «Ұстаз» сөзінің мағынасын ашу, ұстазды құрметтеуге,
сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.
Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Адамгершілікке,әдептілікке, ептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.
Дамытушылық: Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу.
Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, әдептілікке баулу. Ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Дөңгелек стол жоспары:
I. Топқа бөлу.
II. Ой толғаныс . «Ұстаз» сөзінің мағынасын ашу
Постер бойынша «Ұстаз » сөзіне ой түйін жазу
III. «Ұстаздар» туралы әр топқа өлеңдер оқыту .
IV. «Ардагер ұстаздар» туралы видео көрсету
V. «Ұстаздар» сізді несімен қызықтырады?
VІ. Проблемалық сұрақтар
VIІ. «Ұстаздарға оқушылардың тілегі»
VIІІ. Қорытынды
Дөңгелек стол барысы:
Кіріспе.
І.Топқа бөлу . Мамандықтар бойынша топқа бөлу
ІІ. Ой толғаныс . Постер бойынша «Ұстаз » сөзіне ой түйін жазу
«Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді. Мынадай бір аңыз бар. Ертеде жаугершілік заманда бір қамалға жау қапелімде лап қойыпты. Жаудың күші бет қаратпай, қамалға баса көктеп, кірсе керек. Сонда әлгі қамалдың ханы сарбаздарына қамалдан ғалым, ұстаздарды, балаларды аман алып шығуды бұйырыпты. «Бір ғалым-ұстаздың жолында мың сарбазды құрбандыққа шалуға бармын» депті әлгі хан. Елінің болашағын ғылыммен, біліммен байланыстырған ханның данышпандығына жұрты бас иіпті деседі...
ІІІ. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.
Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік.
«Ұстаздар» туралы әр топқа өлеңдер оқыту .
IV. «Ардагер ұстаздар» туралы видео көрсету
V. «Ұстаздар» сізді несімен қызықтырады?
Оқушылар ой тұжырым пікірлерін білдіреді.
VІ. Проблемалық сұрақтар
Ал, балалар бір минутқа өзімізді мұғалімбіз деп есептейік. Осы сыныпта отырғандарыңның барлығың әр пәннен беретін мұғалімсіңдер. Балалар сендерге мынандай сұрақ.
1. Сендер сабақ түсіндіріп жатқан кездеріңде артқы партада отырған балалар сендермен жағаласып сөйлесіп отыр делік. Сөйлесіп отырғанына қарамастан жан - жағын жайпап, сабақ тыңдап отырған балаға да тиісіп тыңдауға мүмкіншілік бермейді. Осы жағдайда ұстаздар не істер едіңдер?
2. Сендер ұстаздар ашық сабақ өткізбекші болып жатырсыңдар. Алдын ала балаларға тапсырма беріп қойғансыңдар. Тіпті ертеңгі сабаққа қатынасатын завуч, директорды шақырып қойғансыңдар. Енді осылардың дайындығын тексеріп көрейінші деп тексерген сәтте сыныптағы балалардың көбісі дайын емес. ертең ашық сабақ. Сыныптағы балалардың біреуі сіз берген тапсырмаңызды жоғалтып алдым десе, енді біреуі ертең сабаққа келмеймін дейді. Ал, ұстаздар осы бір жағдайда балаларға қанда шаралар қолданасыңдар.
3. Енді ұстаздар сендер балаларға диктант жаздырғалы жатырсыңдар делік. Диктантты оқып беріп енді жазғызғалы жатқан сәтте бір оқушы тұрып, апай мен қаламсабымды ұмытып кетіппін, енді біреуі жазғым келмейді деген сәтте ұстаздар осы оқушыларға қандай шара қолданар едіңдер.
Бұл проблемалық ситуациядан шыға алдыңдар балалар. Балалар сендер жаңа мұғалімнің рөлінде болдыңдар. Сонымен балалар мұғалімнің жұмысы оңай ма екен? Келесі кезекте мұғалімге басқаша көзқараспен қараймыз деген түйіндемеге келдіңдер ме?
VІІ. «Ұстаздарға оқушылардың тілегі» Біз кім деген ұстаздарымызды білеміз?
Олай болса ұстаздарымызға тілектер айтайықщы?
VIІ. Қорытынды
Мұғалім сөзі:
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, - деген Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Халықтың «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» дейтіні де сондықтан. Шәкірт – ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады.. Шәкірттің өмір сүрудің мәнін ұғындырып, оның қыр-сырын ашқан, адамдардың дүниелік түсінігін тереңдеткен ұстазға деген сый-құрметі де айрықша болса керек. Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай өзара қамқорлық, сыйластық сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктілікті шыңдау әрекетіне жағымды ықпал етері анық.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.93 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |