Здесь была ссылка на работу «Ұстазым, ұлағатым үлгі -өнегем!» автора Бекишева Динара Ермековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
«Ұстазым, ұлағатым үлгі -өнегем!» Бастаушы: Сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткен мектебіміздің 7сынып бишілер тобы. Қошемет көрсетіңіздер! 1 жүргізуші: Армысыздар Бармысыздар Қош келдіңіздер Құрметті де аяулы Бәрі: Ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. Ақырын жүріп анық бас. Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы мерекелеріңіз құтты болсын! II жүргізуші: Бүгін ұстаздар мейрамы. Жер бетіне білім нәрін сепкен, кеуделерінде сантүрлі арман ұялаған бүлдіршіндерді өмір жолына жетелеген құдіретті куат иелері -ұстаздар мейрамы! Саулықтарыңыз мықты болсын, біздеіі шәкірттеріңіз көп болсын, шаңырақтарыңыз толы шаттық болсын! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын! Қазір ортаға сіздердің көңілдеріңізді көтеру үшін «Жаса, жайна, Қазақстан» атты қалалық байқаудың 3 орын жүлдегері, «Біз Астана гүліміз» атты қалалык байқаудың дипломанты Сапабек Еркінді қошеметпен ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар! Ән. Сапабек Еркін.