Сүтқоректілердің маңызы. Сүтқоректілерді қорғау.
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Бахтыгереева Гулнар Ислямовна
|
Сабақ тақырыбы:
Сүтқоректілердің маңызы. Олардың табиғаттағы және антропогендік ландшафттардағы сан мөлшерінің реттелуі. Кәсіпшілік және кәсіптік аңдар. Аңдарды жерсіндіру және қайта көшіру. Сүтқоректілерді тиімді пайдалану және қорғау.
Жалпы мақсаты:
Сүтқоректілер туралы білімдерін толықтырады, жануарларды қорғау, жерсіндіру, тиімді пайдалану туралы оқып үйренеді.
Сілтеме:
Биология оқулығы 7 сынып, орта мерзімді жоспар
Оқыту нәтижесі:
Тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алады, тақырыпты өз бетінше оқып, мазмұнын ұғына алады, өз ойларын еркін жеткізе біледі, кластастарымен қарым-қатынасы қалыптасады, сындарлы сөйлей білуге ынталанады, ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылады, оқушылар өздерінің қабілеттерін дамыта алады, өзін-өзі бағалай алады, өзін-өзі реттей алады, АКТ қолданып, ақпаратты таңдай алады.
Түйінді идеялар:
Қызыл кітап, кәсіптік аңдар, жерсіндіру.
Оқыту әдістері:
Семантикалық карта, ДЖИКСО, Венн диаграммасы, бағалау парағы
Қазақстанның Қызыл кітабы – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 301.53 Kb |
Количество скачиваний: | 48 |