Здесь была ссылка на работу Суицид қайдан шығады? автора Абильдина Асем Жаналыковна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Баяндама:Суицид қайдан шығады? ... Кеше ғана жарқын күн күлімдеп, бау-бақшада құстар сайрап, өмір маған қызықты да әсем ертегідей еді... Кенеттен көңіліме бұлт торлап, қандайда бір көңіл толмаушылық, реніш, себепсіз ашу кернеп, көңіл-күйім түсіңкі, өзімнің ешкімге керек еместігімді сезіндім.. Міне осылай адам бойындағы депрессия кенеттен пайда болып, кейде өте ұзақ жалғасуы мүмкін. Ол бірден тез өтіп кетеді, не болмаса терең де созылмалы түрде болады. Қандай жағдайда да депрессия - түрлі эмоциялар, елестетулер, еске алулар мен ойлардың жиынтығы. Әдетте, депрессияны бойынан кешіретін адам оның не себептен екендігін анықтай алмай әлек болады Депрессиялық жағдайға түскен адам жиі агрессиялы (ұрысқа, қақтығысқа бейім) болады. Сонымен бірге, оның агрессиясы бірінші кезекте өзіне, содан соң жақынына және қоршаған ортасына бағытталады. Көп жағдайда жақындары немесе қоршаған ортасы оның бойындағы өзгерістерді түсінбейді де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырыққа тіреп, соңы суицидке әкеліп соғуы мүмкін. «Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді.