Сөйлем мүшелерінің байланысы (Қазақ тілі)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Акылбекова Тамара Какимхановна
|
Тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы
Мақсаты: Сөйлем туралы алған білімдерін арттырып кеңейту, сөйлем ішінен тұрлаулы мүшелерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру, қай сөзбен байланысып тұрғанын ажырата білуді қалыптастыру.
Шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорларын, тілдерін жетілдіру.
Білімді, ынталы болуға, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, әңгімелесу, жинақтау, сұрақ-жауап, бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, мақалдар, нақыл сөздер, қима қағаздар, оқулық.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық дайындық:
Сәлеметсіз бе алтын күн
Сәлеметсіз бе жер ана
Сәлеметсіз бе балалар
Сәлеметсіздер ме мұғалімдер!
Сәрсенбінің сәті
Сәтілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кілең бестіктер болсын!
Жақсы балалар мен сендерге нұрлы күн тілеймін! Нұрлы күн сендер секілді әдепті, тапқыр балаларға аямай нұрын төксін.
Слайд.Жеті санына байланысты.
Балалар жеті саны қандай сан? Қасиетті сан. Олай болса, жеті санына байланысты кім не біледі?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.16 Kb |
Количество скачиваний: | 29 |