Здесь была ссылка на работу Сын есім және оның түрлері автора Калжанова Сабира Сарсенбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың мақсаты: А) Сын есім заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін, сын есімнің түрлерін оқушылардың естеріне түсіру, белгілі бір заттың түрлі қасиеттерін көрсетіп сипаттауға, талдауға үйрету. Ә) оқушылардың ой –өрістерін, танымдық қабілеттерін дамыту. Б) Зейін қойып тыңдауға, тілді құрметтуге, пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жарыс, ойын сабақ. Типі: Өткен тақырыптарды пысықтау. Әдісі: Сұрақ –жауап, топпен жұмыс, көрнекілік арқылы ойды түйіндеу. Көрнекілігі: Жетондар, түрлі түсті парақшалар, сандықшалар. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, назарын сабаққа аудару. Оқушылар екі топқа бөлініп отырады. Сабақ 5 айналымнан тұрады. Оқушылар жетондармен бағаланады. Қызыл-5, көк-4, сары-5. Сабақтың соңында топ басшылары жетондарды санап, топтың жалпы бағасын шығарады. Екі топқа тапсырма беріледі. «Ой қозғау» 1-топқа. «Тапты» сөзінің түбіріндегі сөз, «қасқыр» сөзінің жұрнағы, «балалар» сөзінің жалғауы. (Тапқырлар) 2-топқа. «Ойын» сөзінің түбірі, «сыншыл» сөзінің жұрнағы, «қаздар» сөзінің жалғауы. (Ойшылдар). Осы табылған сөздер топтардың аттары болып саналады. Үй жұмысын пысықтау. 1-айналым. «Бәйге»