Сындарлы оқыту жайлы толғаныс
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Жангазы Амангуль Бакенкызы
|
2012 жылы 26 – 27 қарашасында Тараз қаласында ашылатын Н.Назарбаев Зияткерлік мектебіне мұғалімдерді іріктеу конкурсынан өтіп, Астанаға үш айлық дайындық курсынан өтуге шақырылдым. Осы іріктелген мұғалімдердің ішінде менің де болғаныма өте қуаныштымын. Себебі, жан- жақтан жиналған мұғалімдермен кездесіп, танысып, олармен осы курс туралы түрлі пікірлер алмастық. Мектеп жұмысы мен оқушының жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім екені бұрыннан мәлім. Ал сындарлы оқыта отырып, оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ететінімді курстың бірінші күні ұғындым. Құндылық, мәдениет, мінсіз оқушы бейнесі, табысты оқыту, жақсы мұғалім деген ұғымдарды тереңінен аша отырып, көкейімде жүрген бірнеше сұрақтарға жауап таптым (Мен қандай мұғаліммін? Оқушыларыма менің сабақтарым қаншалықты қызық? Сабақтарым керекті деңгейде өтіп жатыр ма? т.б.). Оқытуымның сапалы да табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына тығыз байланысты екеніне тағы да көз жеткіздім.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.45 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |