Сынып жетекшілеріне арналған портфолио

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

СЫНЫП ҰЖЫМЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ

«Жаңа Ертіс орта мектебі» КММ 6 «А» сыныбына мінездеме:
           Сыныпта 13 оқушы бар. Оның ішінде 5 ұл бала, 8 қыз бала. Сынып жетекшісі Сайранбекова Шырайлым Сайранбекқызы. Сыныпта басқа мектептен, басқа сыныптан ауысып келген, келгеніне екі ай да болмаған оқушылар бар. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған.Сынып оқушылары ұйымшыл, бір-біріменжақсы араласады.
        Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Сыныптың білім деңгейі: 3 оқушы –үздік, 3 оқушы – жақсы, 7 оушы – қанағаттандырарлықтай. Сынып математика жағынан көп қиналады, ал ауызша сабақтарға келгенде (биология, география, тарих, әдебиет) алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып сабақ айтады.
Үйірмелерге қатысу жағынан ұлдар осал. Қыздар музыка мектебінде домбыра мен биге, хорға, вокалға, воллейболға  қатысады.

           Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып әкімі мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.
Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Бірінші сыныптан бастап бірге оқып дос болып келе жатқан оқушылар да бар. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп отырады.
               Оқудан тыс өмірде оқушылар киноға, театрға саябаққа барады. Кейде сынып жетекшісімен бірге бүкіл сынып болып қыдырады, кейде өздері ұйымдасып барады. Сынып ішінде демалу орнына барғысы келмей сыныпты артқа тартатын оқушылар да бар.
Сынып оқушылары  сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастырып, құштарлана қатысады.

 

 

Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 61.49 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 110

Похожие материалы