Сыныптан тыс сабақ жоспары: "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ"

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі: Садирбекова Жанат Касымбековна

Күні: 11.02.2015 жыл

Сыныбы: 6 «А»

Пәні: сыныптан тыс сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Мақсаты: Халық ауыз әдебиетін меңгере отырып, мақал-мәтелдер мен жұмбақ, жаңылтпаштардың мағынасын түсініп, күнделікті өмірде пайдалана білуге үйрету         

Оқушыларды адамгершілік, тапқырлық, шапшаңдық қасиеттерін дамыту.

Оқушылардың дүниетанымын дамыта отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпа материалдар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу, топтарды таныстыру («Өнер», «Білім», «Ғылым»)

2. Оқушылардың назарын сайысқа аудару

ІІ. Сайыстың шарттарымен таныстыру

1.      Мақал – сөздің мәйегі (1 ұпай)

2.      Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймайық! (3 ұпай)

3.      Ұлылардан ұлағат (3 ұпай)

4.      Басқатырғыш (4 ұпай)

5.       Өтірік өлең (5 ұпай)

1-кезең. Мақал – сөздің мәйегі (Мақалдың жалғасын табыңдар)

1)     Көп жасағаннан сұрама, (Көп көргеннен сұра)

2)     Ел-елдің бәрі жақсы, (Өз елің бәрінен де жақсы)

3)     Отанға опасыздық еткенің, (Өз түбіңе жеткенің)

4)     Ұрыс ырысты қашырар, (Ынтымақ халықты асырар)

5)     Атаңның баласы болма, (адамның баласы бол)

6)     Батыр туса – ел ырыс, (Жаңбыр жауса – жер ырысы)

7)     Алтау ала болса, төбедегікеледі. (Төртеу түгел болса, төбедегі келеді)

8)     Жылай-жылай арық қазсаң, (күле-күле су ішерсің)

9)     Ақыл тозбайтын тон, (білім таусылмайтын кен)

10)Жақсы байқап сөйлер, (Жаман шайқап сөйлер)

11)Атасыз үй – батасыз, (Анасыз үй – панасыз)

12)Балапан ұяда не көрсе, (Ұшқанда соны ілер)

13)Қына тасқа бітеді, (Білім басқа бітеді)

14)Ата көрген оқ жонар, (Ана көрген тон пішер)

15)Көре –көре көсем болады, (Сөйлей-сөйлей шешен болады)

 

 

2-кезең. Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймайық!

1)     Ақ жылан аяғы да, көзі де жоқ,

Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ,

Тоқтамай қысы-жазы жүре берер,

Бір сәтке аялдайтын жері де жоқ. (су)

 

2)     Әрі жүрер қараша ат,

            Бері жүрер қараша ат.

Су бойында тұнық су,

            Таңдап ішер қараша ат. (көз)

 

3)     Ат басты,

Арқар мүйізді.

Бөрі кеуделі,

Бөкен санды. (шегіртке)

 

4)     Тал басында,

Түндіксіз отау. (ұя)

 

5)     Жылт-жылт еткен,

Жылға сайын өткен,

Бар адам безген. (жылан)

 

6)     Бір нәрсе көрінбейді, бар ғой өзі,

Адамзат ол нәрсені көрмес көзі.

Жансызды қимылдатып жанды қылар,

Ызылдап, ызың қағар айтқан сөзі. (жел)

 

7)     Төбеден төнеді,

Тамшысын төгеді.

Сол кезде ой қаулап,

Бәйшешек өнеді. (жаңбыр)

 

8)     Қобдиында қайырлы,

Қазынаның бәрі бар.

Тауыссаң көз майыңды,

Қалағаның табылар. (кітап)

 

9)     Тұмсығына бұйда тауып байласаң,

Қақпайлап жай айдасаң

Сүңгіп батып, сүңгіп батып бұл мықты,

Бүтіндейді жыртықты.(ине)

 

3-кезең. Ұлылардан ұлағат

1.      Сәл ұмытсам, қарға мені, кешірме,

Қайда жүрсем өзің тұрдың есімде.

Өзің тұрдың қарлы окоптан сығалап,

Сонау қатаң қаһарлы жыл кешінде. (Әбу Сәрсенбаев «Туған жер»)

 

2.      Шырқ айналар шіркін тауық,

Жемің болса қолыңда,

Қайдағысы сені тауып,

Топырлайды жолыңда. (Сәкен Сейфуллин, «Сыр сандық»)

 

3.      Маңымды сеніменен танығамын,

Сеніменен қуаныш, налығамын.

Дене ауырлап, жан жалқау тартқан шақта,

«Уһ» деп шаршап, ем алып шалығамын. (І.Жансүгіров «Анам тілі»)

 

 

 

4-кезең. Басқатырғыш

1.      Бірде ойламаған қызық болды. Қаладан ауылға атақты әртістер келіп, концерт қоюға дайындалып жатқан. Олар өз шымылдықтарын ала келіпті. Досжанның жанында отырған Сағын ойда-жоқта:

Досым ау, ана қызықты қара. Шымылдықты жартылай жапсаң, қазақтың әйгілі өнер адамының атын оқисың, - деді.

Алғашқыда Досжан сенбеді. Шындығында солай екен. Шамасы, бұл шымылдықты қазақ өнерін ардақтаған адам тіккен болуы керек.

Суретке қарап, өнер адамының есімін табыңыз. Ол кім?

 

2.      Бөлмеде бір топ бала отыр. Олар көңілді кеш ұйымдастырып, сөз жарысын жүргізуде. Бір кезде әңгіме қазақ әдебиеті төңірегінде өрбіді. Аяқ астынан балалар қызылкеңірдек болды да қалды.

Қазақтың ұлы жазушысы кім? – деп сұрады Еркінжан.

Абай, - деп жауап қатты Әлихан.

Дұрыс, бірақ ол ұлы ақыны ғой, - деп келіспеді Талғат.

Олар ұзақ дауласты. Ақыры, жауабын мына сурет арқылы шешті.

Сөрелердегі кітаптарды ұлы жазушының фамилиясы шығатындай етіп, тек 3 кітаптың орнын ауыстырып орналастыр. Есте сақтайтыны – «Ә» әрпін орнынан қозғамау керек.

Ұлы жазушыны табыңыз!

 

3.      Көнекөз қариялар әр нәрсені ойлап, елеп-екшеп барып жасайды.

Бір адам төрт ұлына арнап шыбық егіп, бәйтерек болғанша күтіп баптайды. Қартайған шағында төрт баласын шақырып алып, еншілерін бөле бастайды. Сол кезде үлкен ұлы:

-         Әке, мына ағаштар бізге сіздің көзіңіздей көрінеді. Ертеңгі күні заман өзгеріп, балалы-шағалы болған кезде немерелеріңіз төрт бәйтерекке таласып жүрер. Сондықтан әр балаңызға тиесілі ағашы мен жерін бірдей бөліп беріңіз, - дейді.

-         Мен мұны баяғыда-ақ ойлап, ағаштыда сол есеппен отырғызған едім. Немерелерімнің таласпайтынына анық сенемін. «Ағайын ала болса алыстағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегіні іледі» деген бабалар қағидасын ұмытып кетпеңдер, - деп қарт төрт баласына төрт бәйтеректі де, жерді де қылдай етіп бөліп береді. Қария бәйтеректі, жерді қалай бөлді?

5-кезең.   Өтірік өлең (әр топ өздеріне берілген сөздерді қатыстыра отырып өтірік өлең құрастыру)

Қорытынды топтардың ұпай сандарын есептеу

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 861.38 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 211

Похожие материалы