Сыныптан тыс сабақ жоспары "Тіл білгірі"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Турагулова Балжума Темирбековна
|
Тіл білгірі
Мақсаты: Оқушылардың өтілген материалдарды меңгеруін, білім деңгейін тексеру.
Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту:
ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, көркем әдебиетті сүйіп оқуға, ізденімпаздыққа баулу;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, шет тілі, қазақ әдебиеті
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
- Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Тіл білгірі» атты сайысқа қош келдіңіздер!
Қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін барлық өнердің басы деп санаған. Сөз өнері –халық даналығының жемісі. Әдебиет –халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі. Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.
Топты таныстыру.
Біреу озса сайыста,біреу артта қалады,
Ренжімей тараса,озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол-еңбектену ,жалықпау,-
Ендеше ортамызға өзінің сүйікті мамандығының иесі болуды мақсат етіп ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
«» тобы Мүшелері:
«» тобы Мүшелері:
(Әділқазылармен таныстыру)
-Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар, сайыстарда неше бір
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар: ...
Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
І. «Бәйге» кезеңі.
ІІ. «Жеті жұрттың тілін біл»
ІІІ. "Тапқыр болсаң, тауып көр".
ІV. «Мақал – сөздің мәйегі»
V. «Озық болсаң, озып көр».
VI. «Кім айтты?»
VII. «Сандар сөйлейді»
VIII. «Грамматика әлемі». «Синтаксис», «Морфология», «Фонетика» (талдаудың түрі)
IX. Ой – толғау.
1. Мемлекеттік тілдің дамуына менің үлесім.
2. Ы.Алтынсарин және ана тілі.
3. Колледж- менің мақтанышым.
4. Тіл мәдениеті- адам мәдениетінің көрсеткіші.
5. Тіл- қылыштан өткір.
Жүргізуші:
«Бәйге» кезеңі
-Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан жеткізер,-деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде сіздерге қазақ тілі пәні бойынша 10 сұрақ, әрқайсысына 5 ұпайдан беріледі. Жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беріп, ұпайды өздеріне алуына болады
«» тобы
1.Бір заттың не құбылыстың атын тікелей атамай, басқа атпен атау тіл білімінде қалай аталады? (табу)
2.Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай жіктеледі? (жуан, жіңішке)
3.Кісінің атын, тегін, шын аты мен лақап атын, бүркеншік аттарды зерттейтін лексиканың саласы. (антропонимика)
4.Эвфемизм бойынша «аузы жеңіл» сөзі қай сөзді алмастырады? (өсекші)
5.Мағыналары бір- біріне қарама- қарсы болып келетін сөздер. (антоним)
6.Шырай категориясы тән сөз табы. (сын есім)
7.Сан есімдер мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (6)
8.Бірде үстеудің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі. (көсемше)
9.Іс- қимылдың орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіретін етістіктің категориясы. (етіс категориясы)
10. «Қызықты оқиға» тіркесіндегі сөздердің байланысу түрі. (қабысу)
«» тобы
1.Сөздің көп мағыналығын зерттейтін тіл білімінің саласы қалай аталады? (полисемия)
2.Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай жіктеледі? (ашық, қысаң)
3.Жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол ма,ынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін лексиканың саласы. (этимология)
4.Дисфемизм бойынша «мылжың» сөзі қай сөзді алмастырады?
5.Айтылуы әр түрлі , бірақ мағыналары бір- біріне жақын сөздер. (синоним)
6.«Орынбасар» сөз табы. (есімдік)
7.Есімдіктің мағынасына қарай неше түрі бар? (7)
8.Бірде есім сөздердің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі. (есімше)
9.Орындаушының іс- қимылға байланысты ой- пікірін , қатысын білдіретін етістіктің категориясы. (рай категориясы)
10.«Колледжге дейін келді» тіркесіндегі сөздердің байланысу тәсілі. (септеулік шылау арқылы)
Жүргізуші:
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)
2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)
3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)
4. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
5. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)
6. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)
7. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)
8. Мұрты бар, иегінде сақалы жок,
Тоны бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ.
(Мысық - кот - cat)
9. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)
10. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)
Жүргізуші:
Мықты болсаң - алдағыны басып оз.
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың үшінші кезеңіне өтейік.
Келесі кезеңіміз "Тапқыр болсаң, тауып көр" деп аталады. Әр топқа 7 тұрақты тіркестен беріледі. Берілген тұрақты тіркестің мағынасын 1 сөзбен айту керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
«» тобы
1.Айылын жимау (жасқанбау, сескенбеу)
2.Жаны зәр түбіне жету (қорқу)
3.Кірпік қаққанша (тез)
4.Өрісі кең (білімді)
5.Иненің жасуындай (азғантай)
6.Қаны қайнау (ашулану)
7.Жұмған аузын ашпау (үндемеу)
«» тобы
1.Ағынан жарылды (ештеңені жасырмады, бар сырын ақтарды)
2.Жер болу (ұялу)
3.Кірпік қақпау (ұйықтамау)
4.Пейілі тар (сараң)
5.Иненің көзінен өткендей (пысық)
6.Қанына сіңу (әдеттену)
7.Жүрегінің түгі бар (батыр)
ІV. Сайысымыздың келесі кезеңі «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталады.
Әр командаға 5 мақалдан беріледі. конверт беріледі. Оның ішінде қағазға білім, оқу, Отан, еңбек туралы жазылған мақалдың жартысы бар. Тапсырма: Мақалдардың жалғасын табу.
Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.
Жердің сәні-егін,
Ердің сәні- білім.
Ұзын шапан аяғыңа оралады,
Ұзын тіл мойныңа оралады.
Атаңның сақалына қарама,
Айтқан мақалына қара.
Тіл алмасқа сөз айтсаң,
Адам таппас жауап айтар.
Қолың ұста болсын,
Сөзің қысқа болсын!
Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің сөзі — ортақ.
Көре-көре көсем болады
Сөйлей-сөйлей шешен болады.
Ақымақ ішкен-жегенін айтады,
Ақылды көрген-білгенін айтады.
Ақылды арын қорғайды,
Сараң малын қорғайды.
Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
Отан үшін күрес –
Ерге тиген үлес.
V. Сайыстың 5 кезеңі «Озық болсаң, озып көр» деп аталады. Сайыс топбасшыларына арналады. Жаңылтпаштар оқып, жатқа айту керек.
Шаншар шаршап жатыр,
Қайсар жайша жатыр.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
Қыста құлағым ісіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.
Баланың жаман баға алмағаны –
Мұғалім ағаның жаман бағаламағаны.
Сызық сызып, қызық сызды,
Қызық сызып, бұзып сызды.
Жүргізуші:
Білікті білім жинап кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып,өсіп өнер.
Білдірер білім елге білім сырын,
Біліксіз білімді аттап, бөсіп өтер-деп, сайыстың 6 кезеңін бастаймыз.
Бұл кезең «» деп аталады. Берілген афоризмдердің авторын табу керек.
1 топ: Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.( Ғ.Мүсірепов.)
2 топ: Бұл дәуірде, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. (М.Әуезов)
1 топ: Тілдің тіршіліктегі мәніне қазақ ежелден көңіл бөлген. Сондықтан да “өнер алды- қызыл тіл” дейді. (С.Мұқанов)
2 топ: Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. (Б.Момышұлы)
1 топ: Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың. (Қадыр Мырза Әлі)
2 топ: Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл. (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
1 топ: Ана тілің –арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,-
Өз тіліңіді құрметте! (Қ.Мырзалиев)
2 топ: …Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім… (Мұқағали Мақатаев)
1 топ: Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім. (Ж.Баласағұн)
2 топ: Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына… (Жүсіпбек Аймауытов)
Жүргізуші:
VII. «Сандар сөйлейді»
VIII. «Грамматика әлемі». «Синтаксис», «Морфология», «Фонетика» (талдаудың түрі)
IX. Ой – толғау.
1. Мемлекеттік тілдің дамуына менің үлесім.
2. Ы.Алтынсарин және ана тілі.
3. Колледж- менің мақтанышым.
4. Тіл мәдениеті- адам мәдениетінің көрсеткіші.
5. Тіл- қылыштан өткір.
Осымен сайысымыздың 9 кезеңі де аяқталды.
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Демеңіз біз өнерді аяп келді,
Уақыт біраз жерге таяп қалды.
Көріскенше қош сау болып тұрыңыздар,
Осыменен сайысымыз аяқталды!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 64.5 Kb |
Количество скачиваний: | 25 |