Сыныптан тыс шара: "Ата дәстүрі-бізге мұра".

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

 Сабақ: «Бастаңғы» салт-дәстүрімен басталады.

   (Әжесі мен немересі әңгімелесіп отыр).

    Немересі:Әже,осы әкемнің атын неге «Наурызбай»  деп қойғансыз??

    Әжесі:Е,е балам,ертедеНаурыз деген батыр болыпты,Бірде осы батыр Көктем атты сұлу қызбен кездеседі,Екеуі бір көргеннен бірөбіріне ғашық болады,Бірақ Көктем атты сұлу қызбен кездеседі,Екеуі бірөбіріне  бір көргенннен ғашық болады,Бірақ Көктем сұлудың әкесі Жарық хан  қызы үшін  қалыңмал сұрайды,Бір үлкен керуен құрайтын түйелер әкеліп бер дейді,Батыр небір қиындықтарды басынан өткізіп,Жарық ханға айтқанын әкеліп береді,Қызын бергісі келмеген хан жаңа шарт қояды,Ол көз коріп,құлақ естімеген күші бар  алмас қылышты алып келуін тапсырады,

      Алмас қылыш үлкен үш тастың астында жатыр екен,Батыр тастардың бетінде қашап жазылған түсініксіз таңбалардың сырын ашып,алмас қылышты әкеліп береді.

     Хан енді үшінші  тапсырма береді.Бұл жолы халық даналығын тауып әкел дейді.

     «Ақылды адам ерінбейді ,қуатты адам сүрінбейді»деген халық даналығына ие болған ханнның ақылы кіріп,махаббаттың алдында ешқандай тосқауылдың бола алмайтынын түсінеді.Наурыз батыр мен Көктем сұлу қосылады.Осы ертегідегі батырдың атын әкене қойғанбыз.

       Немересі:Әже,сонда «наурыз»сөзі нені білдіреді??

       Әжесі:Наурызөжаңа күн деген сөз.Яғни бұл күнөбіздің атаөбабаларымыз ,арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы.

       Немересі:Бұл күннің басқа күнннен ерекшелігі неде?

       Әжесі:Ұлыстың ұлы күні ел елжірей  қуанып,есік ашып,дастархан жайып,бірін-бірі құтттықтап ,құшақтайды.Бұл күні реніш болмауы керек,әр адам иманжүзділік корсетіп,қуанышын білдіріп,бар жақсылығын жайып,жадырап  жүруге тырысу керек.

       Немересі:Әже,апам мен көкемді сағынып кеттім.

       Әжесі:Жарайды,балам,сен барда  құрбыларынды шақырып кел.Әкең мен апанның қыдырып кеткенін пайдаланып,балаларға «бастаңғы»жасап жіберейік.

Наурыз жырын жырлаймыз,

Онымен де тұрмаймыз.

Сағынып жеткен бұл күнге,

Ел дәстүрін сыйлаймыз!

         Оқушы:Әже,осы біз білмейтін салтөдәстүрлеріміз көпөау деймін.Солардың біразын айтып берінізші?

         Әжесі:Ертеректе күз жылынса болды киіз басатынбыз.Сонда алдымен өздерің сияқты балаларға «Қой бастымызды» дайындап алатынбыз.

          Оқушы: Сонда ол сөз нені білдіреді,ол қандай дәстүр?

          Әжесі:Ә,ә, «Қой басты» деген ертеде киіз басушылар0,киіз тебу,пісіру кезінде оны үй арасында  домалата жүріп,бір үй тұсына келгенде»Қойты «деп айқай салады,Сонда үй иесі киіз басушыларға құрт,май,шай немесе қой сойып, дастарханға шақырып тамақ берген.

           Осы кезде даладан немересі жүгіріп келіп,табалдырықта ,есікті керіп тұрып алады,

           Әжесі: Балам,есікті кермей ,табалдырықтан бері өт,ішке кір,бір жаңалық айтайын деп келдін бе,ентігіп тұрсын ғой:

           Немересі:Иә,әже,сүйінші!

           Әжесі:Қалағаныңды ала ғой,балам.

           Ол не?!

         Немересі:Наурызкөк құс келіпті!

                          Алақай,көктем шықты!

 

      Әжесі;Қайда,қане?!О,наурыз көк құс»Бұл құсты алғаш кім көрсе сол бақытты!

       Қыздар:Әй,құрбылар,енді жұмбақ шешіп,мақал-мәтел айтайық.Қане ,кім жасырады?

                                                              

Жұмбақтар.

Су көтеріп жүріп келем,Өзім біреуге мініп келем.(Иінағаш)

 

Әжемнің қолында шыр айналар,

Шыр айналса,

 

Өзіне шыр байланар.(Ұршық)

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.02 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 106

Похожие материалы