Сыныптан тыс шара: Бастауышым-балбұлағым!

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

                             Бастауышым – балбұлағым !

- Аса қадірлі ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін ғылым әлемінің алғашқы баспалдағы « Бастауыш » атты асуынан асып тұрмыз.

     Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған,сірә, қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 – сыныпты ортамызға.

 

     Әжесіне, анасына

Болып жүрген қолғанат.

Сіңлілеріне қамқоршы,

Оқуда да тек озат..( Таңшолпан)

 

1.    Кыдырали біздің айбатты,

Қолдары күшті, қайратты.

Көп үндемейді бірақ, салмақты.(Кыдырали)

 

2.    Ән салуды ұнатады,

Даусы бар керемет.

Сайыстарға қатысады,

Жеңімпаз боп  атанады.                (Алижан)

 

3.    Сәулелі  де өнерлі,

   би билейді мың бұралып.

  « Жұлдызай - ға »  қатысады,

  Ризалыққа бөленіп .                   (Риза )

4.    Сыныбымда оқып жатыр кіл дарын.

Сенбесеңіз зейін қойып тындаған.

Аймөлдір де нақышымен оқиды,

Абай менен Шәкәрімнің жырларын. (Аймөлдір)

5.    Әкесінің қос шынары,

Ағайынды бозбала.

Адильгерей  мен Жангерей,

Оқып жүр бір сыныпта.

 

6.    Көп оқитын, көп тоқитын, білімді,

Талай қызық істерді құрықтады .

Ол сыныптың жүрегі –

Бұны бәрі біледі.                          ( Рауан)

 

7.    Қызғалдақтай жайнаган асыр салып,

Ақылды қыз Азатгүл арамызда.

Мөлдіреген көздері оттай жанып,

Үміті зор сыныптың, саған, әрқашанда.

 

8.    Жылтың - жылтың етеді,

Әрқашан ашық мінезді.

Бәрін -бәрін байқайды.

Ол қалай деп каласың ?  ( Ералхан)

 

9.    Жайбасар ойлы келеді,

Көп қой оның тілегі .

Алмас ұлдың әрқашан

Арманын кім біледі ?!   ( Алмас)

 

10.                  Жұмсағанда баратын,

Айтқан тілді алатын.

Озат болам деп ұмтылған,

Айтқанын орындаған !        (Асан )

 

11.                  Емес ол тым ерке,

     Оқып жүр ол тек  «  5   » !

     Мәнерлеп  өлең оқиды,

      Ән шырқайды керемет.

      Барлық  іске жауапты.   ( Айым)

 

12.                 Сабырлы да ұқыпты,

   Ұзын бойлы, көрікті .

    Нағыз жігіт сұлтаны !  ( Нұрқанат)

 

13.                Ай мен күні анасының,

Шапшаң өзі оқиды..

Тентек болар арасында,

Әкесінің үміті.                  ( Ғарифолла )

 

14.                Жымыңдаған көзіңнен

Сүп - сүйкімді болып – ап.

Ойланбастан айта салу,

Бойында бар  бір  ғажап .       ( Мақсат)

 

15.                Асықпайды, салмақты,

Қашан оқисың сабақты ?

Деп  сұрап төрт жыл бойы,

Мазалаппыз біз оны.

Бірақ ойлаймыз бәрі алда,

Бәрі алда деп сенем мен.       ( Жаннұр)

 

16.                Көзінен нұр шашылған,

Ажары гүлдей ашылған.

Сымбатты, сұлу Дильназ,

Көңілі судай тасыған.      ( Дильназ  У)

 

17.                Сахнада болар жүргізуші,

Сыныбымыздың әрқашан белсендісі.

Дильназ отыр күлімдеп арамызда,

Болашақта жандырар үмітімізді .   ( Дильназ  А)

 

18.                 Белсенділік танытып,

Ылғи көзге түседі.

Талапты да талантты,

Осыған көзіміз жетеді . (Алтынзер)

 

 

     4 жыл бойы білім нәрімен сусындаған біздің шағала шат көңілді шәкірттеріміз. Бүгін сендер үшін де, біздер үшін де қуанышты, қимастыққа толы сәт. Қуаныштысы – балдәурен балалық шағынан білім нәрін құйған шәкірттеріміз бастауыш сыныппен қоштасып, сәл де болса есейіп, ержетіп,орта буындағы сынып оқушыларының қатарына қосылғалы отыр.

   Ал қимас сезім – мектеп босағасын бүлдіршін боп аттаған, ыстық, мейірімді оқушыларымызды  жаңа бір белеске шығарып салу.

         Әнұраны орындалады.

 

                      20  жол өлең.

( 1, 3, 4, 5,6,7,8,9,10,12,11,13, 14,15,16,18,19, 20)

       Ән « Ұстазым » ( Динара Қырықбаева)

     ( 8, 12, 4, 9 )

 

          2010 ж қара шаңырақ білім ордасына жанарларың жәудіреп,тал бойларын майысып, тарыдай болып кіргенсіз. 4 сыныпты  20 оқушы  болып аяқтадық, оның 11 ер бала, 9 қыз бала. 4 жылда бойымыз өсіп, ой санамыз дамып, адалдыққа, мейірімділікке үйренгенсіз. Балалықпен тентек болу, сабаққа жауапкершіліксіз қарау орын тапқан болатын.

  Бірақ, жақсы оқуымен, өнерімен , белсенділігімен, жақсы тәртібімен әрқашан  алда болып жүрген оқушыларым бар.     

 Біреуі озса сайыста, Біреуі артта қалады.

Жарыс заңы ежелден  - Жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол –Еңбектену, жалықпау.

 

 

   Мектептің, сыныптың шараларына, сайыстарға, байқауларға, фестивальдарға қатысып жүлделі орындарға иеленген Ербулатова Риза, Қонасов Асан, Қоспаев Нұрқанат, Қоспаева Айым, Досжанов Алижан деген оқушыларымыз бар.

    Мектепшілік, аймақтық пән олимпиадаларына қатысып І, ІІ, ІІІ орындарға иеленіп, аудандық пән олимпиадаларына жолдама алып

сертификатқа ие болған оқушылар:  Қаирғалиев Рауан, Досжанов Алижан, Аманкелдиева Таңшолпан.

   Біздің сыныпта бір ерекше дәстүр бар.  1 – сыныптан 1- қыркүйектен ( Е.Ризанікі)  бастап А.Таңшолпанның (12 мамыр) туған күндерін тойлап өту. 4 жыл бойы дәстүріміз үзілген емес.

   Әр оқушымңың жүректе қалар ерекше қылықтары бар.

     

 

-  Сүйікті оқушыларым, бүгін араларына төрт жыл бойы оқу дәрісін сусындаған ұстаздарын келіп отыр.

Таңшолпан :  Буранбаева Құралай Ниетқалиқызы

Риза:               Жалелова Мақпал Мүдресқызы

Рауан :           Ниязов Нұршат Ерсайынұлы

Асан :            Гильманов Нұрғазы Салықұлы

Гарифолла:  Туманбаева Гульзия Алибекқызы

Нұрқанат:      Саймова Альбина Нұршатқызы

 

20 –сұрақ жауап беру.

 

    Солардың құрметіне қол соғып қошемет білдірейік.

- 4 жыл өтті. Уақыт озды, біз де есейдік. Осы уақыт ішінде көп нәрсені білдік, үйрендік.

 

Не үйрендік?  ( Азатгүл)

Не білдік ?       ( Алижан)

Біз нені сүйеміз ?  (Нұрқанат)

Біз нені ажырата аламыз ? ( Асан)

Бізді болашаққа не бастайды ?   ( Азатгүл)

Біз кім боламыз ?   ( Ғарифолла)

 

-Құрметті қонақтар!  Бірінші білім құжаттарын табыс етуге рұқсат етіңіз.

 ( Бастауыш білім куәлігі  мен  Бастауыш түлегі атты ленталарын беру)

 

 

 

 

 

 

   Құттықтаймын! 

     Қырандарымыздың білім

Қуған қанаттары талмасын.

Тек биікке самғасын!

Естеріңде болсын,        ТҮЛЕКТЕРІМ!

Алда бір сын бар.

Төрт жыл менен білім алып шыққанмен,

Келешекке жазылатын жырсыңдар.

Жеті жылда өтер зулап сынаптай,

Бақыттымын, маған тұрса сын айтпай.

 

Құрметті қонақтар! Біздің ресми бөлімі аяқталды, енді шағын үзілістен кейін акт залына мерекелік концертке шақырамыз. Тарап кетпеңіз.

 

 

 

 

 

 

           

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 49.66 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 130

Похожие материалы