Сыр ели -жыр ели
Предмет: | Музыка |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Сардарбекова Куралай Кыдырбаевна
|
Сабақтың тақырыбы: Сыр елі – жыр елі.
Базар жырау «Әр нәрсенің парқы бар» - толғауынан үзінді
тыңдау.
«Туған өлкем» Сайболат Жанғабылов
Музыкалық сауаттылық: төрттік нота
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды қазақ халқының терме өнерімен таныстыру арқылы білім, біліктілігін арттыру, ән айту дағдысын қалыптастыру. Музыкалық сауаттылықтарын ашу.
2.Дамытушылық: Баланың танымдық іс-әрекетін дамыту, өмірге бейімділігін, ізденімпаздығын, еңбексүйгіштігін дамыту. Әуенді ести білу, сезіну қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға машықтандыру.
3.Тәрбиелік: Оқушылар бойына адамгершілік, адалдық және жақсы
қасиеттерді сіңіру, өнегелі болуға, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Туған жерінің ақын, жырауларымен таныстыру,
туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабаақтың міндеті: оқушының қызығушылығын ашу, тақырыпты меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі, өзбетімен жұмыс, ішінара іздену, ән айту,
музыка тыңдау.
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа , баян, таблицалар, компьютерден презентациялық
слайдтар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу, математика.
Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Дауыс жаттығуын жасау.
II. Сөзжұмбақ шешу арқылы үй тапсырмасын орындау
К.Дүйсекеев «Солдат болам мен ертең» - орындау
III. Жаңа сабақ: Толғау тарланы - Базар жырау.
«Әр нәрсенің парқы бар» толғауынан үзінді тыңдау
«Туған өлкем» Сайболат Жанғабылов
Музыкалық сауаттылық: төрттік нота,
ноталарға есептер шығару, салыстыру.
IV. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
V. Үйге тапсырма беру: Әнді жаттау.
Толғау тарланы Базар жырау туралы оқулықтан оқу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Ым- ишара арқылы бір-біріне жылы жүрек таныту. Оқушылардың сабаққа түгел қатысуын қадағалау, құрал- жабдықтарын түгелдеу.
Дауыс жаттығуын жасау: до, ре, ми, фа, соль, ля, си, до дыбыс қатарымен.
Ре
Ми
Фа
Соль
Ля
Си
До
До
Үй тапсырмасын орындау: Сөзжұмбақ сұрақтары:
1.Адамгершілікке, адалдыққа баулитын жырау кім? ( Бұқар)
2.Халық термесін ата. ( Он үш жаман)
3.Батырдың қаруы. (Найза)
4.Батыр – термеші кім? ( Махамбет)
5.Тақпақ сазды әуенді не дейміз? ( Терме)
Ақын
Ұстаз
Шешен
Бұқар жырау Орындаушы
Он үш жаман халық термесі өтірік айтпауға,өсек айтпауға, ұрлық жасамауға, жалқау болмауға үйретеді. Үзінді орындау.
Батыр
Ақын
Күйші
Термеші
Махамбет Орындаушы
К.Дүйсекеев «Солдат болам мен ертең» - орындау
Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтел айту:
Батыр туса ел – ырысы,
Жаңбыр жауса жер – ырысы.
Батыр бір өледі,
Қорқақ мың өледі.
Ақыл – нақыл өсиет сөздерден тұратын тақпақ сазды әуенді терме дейміз.
Терменің әуенін мақамы дейміз. Үй тапсырмасын орындау арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбын ашып алдық..
Біздің өлкемізді «Сыр елі – жыр елі» - деп атайды.
Жаңа сабақ: Сыр елі – жыр елі. Тарихына, мәдени дәстүріне, тағы басқа ерекшелігіне байланысты Қазақстанның әр өлкесінің ғасырлар бойы қалыптасқан ақындық, әншілік, жыршылық, күйшілік мектебі бар. Сонымен қатар Қазақстанда жыршылық – термешілік өнер де бар. Оның үздік өкілдері көбінесе Сыр өңіріндетуып - өскен.Заманы Абайментұстас, өз еліне кезінде ерекше дарынымен аты шыққан ақынның бірі - Базар жырау - толғау тарланы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында 1842 жылы дүниеге келген. Бала Базар қозы бағып жүріп, далада шаршап, көзі ілініп кетсе керек. Үстінде ақ шапаны бар, ақсақалды, ақ таяғы бар қария кісі келіп Базарға «маңдайыңа берейін бе, таңдайыңа берейін бе» - деп аян берген екен. Сонда бала Базар: қарны ашып, шөлдеп жатқан таңдайыма берші – деген екен.Содан бала Базар өлең айтып оянған екен.Содан зерек бала халық әншілерінің әндерін жаттап, халық мақалдарын жаттап, орындап өз өнерін шыңдай берді. «Әр нәрсенің парқы бар» - толғауында адамгершілік, адалдық жақсы қасиеттерді насихаттайды.
Үнтаспадан: «Әр нәрсенің парқы бар» толғауынан үзінді тыңдату.
Жақсы менен жаманның, арасы жер мен аспандай.
Байқарсың бір күн басыңа іс түске кезде, сасқанда-ай.
Мырза менен сараңды - өлшестіріп қарасаң,
Ылди мен зәулім асқардай.
Ғалым менен наданды салыстырсаң білерсің,
Дария шіреп тасқандай.
Ақын
Шешен
Термеші
Базар жырау Орындаушы
Сыр елі - әнші, термеші, ақын –жырауларға бай. Біз туған өлкемізді мақтантұтамыз.
Үйренетін әніміз: Әуесқой композитор Сайболат Жанғабыловтың «Туған өлкем» әні.
Ән жігерлі, туған жерге деген ыстық ықыласпен орындалады. Әннің мазмұны туған өлкенің әсемдігі, оның көркейіп өскендігі, онан небір түлектердің шыққанын, оның байлығын жырлайды.
«Туған өлкем» әні: С.Жанғабыловтікі. сөзі: Ө. Тұрманжановтікі.
1.Көгінде күн нұрын төккен, 2. Түлегі өскен алуан –алуан,
Жерінде гүл жұпар сепкен. Төс алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем, Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем! Осы менің туған өлкем!
Қайырмасы:
Алтын дәнді даласы бар, 3. Ер еңбегі шалқып тасқан,
Ақ күмістей қаласы бар Ел еркіндеп, бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем, Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем! Осы менің туған өлкем!
Танысатын нотамыз: Төрттік нота
Әр жартыға екіден,
Төрттік нота бекіген.
SHAPE * MERGEFORMAT
1-еу + 2-еу 3-еу + 4-еу
Ноталарды салыстыр: үлкен, кіші, тең белгісін қой /< , > , = /
SHAPE * MERGEFORMAT
SHAPE * MERGEFORMAT
Есептер шығару: Екі жартылық нотаның қосындысын жаз.
+ =
Екі төрттік нотаның қосындысы неге тең?
+ =
Бүтін нотадан бір жартылық нотаны алып таста.
_ =
Жартылық нотаны екіге бөл.
: 2 =
Сабақты қорытындылау:
Базар жырау: термеші, ақын, шешен, орындаушы, Қызылорда обл.
Адамгершілікке, жақсы қасиеттерге баулиды.
Үйге тапсырма беру. Әнді жаттау. Базар жырау туралы оқулықтан оқу.
Оқушыларды бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан, сұрақтарға жақсы жауап берген оқушыларды бағалау.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 2.48 Mb |
Количество скачиваний: | 27 |