Сызба бойынша есептер шығару. 5 сынып

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақ: № 13

Пәні: Математика

Күні: 16.09.2014 ж.

Мектебі: Нұрлы-көш орта мектебі

Сыныбы: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сызба бойынша есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға натурал сандарға амалдар қолдану жолдарын үйрету, сызба бойынша есептер шығара отырып, есеп шығару барысында белгісіз компоненттерді табу ережелерін қолдана білуге машықтандыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға натурал сандарға амалдар қолдану жолдарын үйрету, сызба бойынша есептер шығара отырып, есеп шығару барысында белгісіз компоненттерді табу ережелерін қолдана білуге машықтандыру, өтілген материал мен жаңа материалды ұштастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың қорытынды жасау, нақтылау, жалпылау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.

Тәрбиелілік: Оқушылар берілген тапсырманы ұқыпты, шапшаң және тиянақты орындауға, ережелерді есте сақтап дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай үлестірме қағаздары.

Әдебиеттер: Т.А.Алдамұратова, Е.С.Байшоланов «Математика 5 сынып», Алматы «Атамұра» 2010.

Әдістері: Түсіндірмелі – иллюстрациялау, практикалық.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

  Оқушылармен амандасу, оқушы қатысымына және сынып тазалығына назар аудару.

           ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 1 есеп, 37 бет.

1)    425 : (2х + 3) = 17

2х + 3 = 425 : 17

2х + 3= 25

   2х = 25 – 3

   2х = 22

   х =11

2)    945 : (4у – 43) = 21

4у – 43 =945 : 21

4у – 43 = 45

4у = 88

у = 22

ІІІ.  Есептер шығару

1 есеп. Поезд 1596 км қашықтықты жүріп өту керек. Ол 14 сағатта 588 км/сағ  жүрді. Егер осы жылдамдықпен жүре берсе,  қалған жолды неше сағатта жүріп өтеді?

588 : 14 = 42км/сағ

1596 – 588  = 1008км

1008 : 42  = 24сағ

Жауабы: 24 сағатта қалған жолды жүріп өтеді.

160 есеп. Асанның 123 маркасы бар, ал Қасеннің маркалары одан 3 есе аз. Қасеннің маркаларынан Асанның неше маркасы артық?

123 : 3  =41

Жауабы: Асанның Қасеннен 41 маркасы артық.

161 есеп. 13 жұмысшыдан құралған бригада жоспар бойынша 10 сағ ішінде 1248 деталь жасауға  тиіс еді. Жұмысты  тездетіп орындап, жұмысшылар тапсырманы 2 сағ бұрын орындады. Әрбір жұмысшы сағатына неше деталь жасады?

1248 : 13  = 96

10 – 2  = 8

96 : 8  = 12

Жауабы: 1 сағатта әрбір жұмысшы 12 деталь жасаған.

162 есеп. Туристер лагерінен қалаға дейін 84 км. Турист велосипедпен лагерьден қалаға қарай 12 км/сағ жылдамдықпен , ал қайтарында сол жолмен 14 км/ сағ жылдамдықпен жүрді. Турист қай жолға көбірек уақыт жұмсады және неше сағат артық жұмсады?

84 : 12  = 7 сағ

84 : 14  = 6 сағ

7 – 6   = 1 сағ

Жауабы: қалаға дейін  1 сағ артық   уақыт жұмсады

172 есеп. Почта кептері хабарды 130 км қашықтағы  жерге жеткізуге тиіс. Оның жылдамдығы 50 км/сағ. Осы хабарды кептер: а) 2 сағ ішінде жеткізе ала ма? б) 3 сағат ішінде ше?

2сағ * 50 км/сағ  = 100 км

3сағ * 50 км/сағ  = 150км

Жауабы:  3 сағ ішінде 130 км қашықтағы жерге жетеді.

174 есеп. Колхозшы автомобильмен станциядан қалаға қарай 55 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Ол бүкіл жолға 2 сағ уақыт жұмсады. Сол жолмен қайтқанда станцияға қарай 22 км/сағ жылдамдықпен  мопедпен жүрді. Колхозшы қанша уақытта  станцияға жетеді?

55км/сағ  * 2сағ = 110км

110 км : 22км/сағ  =  5 сағ

Жауабы: 5 сағ ішінде станцияға жетеді.

175 есеп. Салт атты жолаушы 5 сағ ішінде 80 км жол жүрді. Мотоциклшінің жылдамдығы салт аттының жылдамдығынан 24 км/сағ артық болса,сол жолға ол қанша уақыт жіберді?

80 : 5  =  16

16 + 24  = 40

80 : 40  = 2

Жауабы: 2 сағат уақыт жібереді.

IV. Үйге тапсырма.  № 1 есеп, 40 бет.

Колхозшы аудан орталығынан 48 км жерде тұрады. Үйінен шығып 16 км/сағ жылдамдықпен, велосипедпен ауан орталығына барды, ал қайтарында да сол жолмен 12 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Колхозшы қай жолға  көбірек уакыт жұмсады және неше сағат артық жұмсады?

48 : 16  =3

48 : 12  =4

4-3 = 1

Жауабы: 1 сағ артық   уақыт жұмсады

V. Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.27 Kb
Количество скачиваний: 53
Просмотров: 250

Похожие материалы