Здесь была ссылка на работу «Сызықтық алгоритм . Енгізу-шығару операторы. Сызықтық алгоритмді программалау.» автора Ешкеева Айжан Атаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақ күні: Сабақ №:6 Сыныбы:9 Сабақтың тақырыбы: «Сызықтық алгоритм . Енгізу-шығару операторы. Сызықтық алгоритмді программалау.» Сабақтың мақсаты: оқытушылық: оқушыларды сызықтық бағдарламаның құрылымымен таныстыру, өткен тақырыптарды қайталау негізінде жаңа білімді қалыптастыру; дамытушылық:қарастырылған материалды қорыта білуді, талдай білуді дамыту, теорияны практикада қолдануды үйрету және өзбетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту; тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын тәрбиелеу, тәртіпшілікті тәрбиелеу, ТҚЕ қадағалау және топпен жұмыс жасай білуді тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақта қолданылатын әдістер: түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, баяндау. Сабақта қолданылатын құрылғылар: мультимедиалық компьютерлік сынып, мультимедиалық проектор, тесттік жұмыстар Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Біз күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттерді орындау барысында көптеген алгоритмдерді қолданып жүрміз. Осы тұрғыдан қарағанда, өмір дегенді алда тұрған мәселелерді шеше алатын алгоритмдер жиыны деп түсінуге болады. Адам күнделікті өмірде алгоритмдер теңізінің ішінде жүзіп жүр деуге де болады. Қазырғы кезде күнделікті өңделетін ақпарат көлемінің тез өсуіне байланысты көптеген мәселелердің шешуін адам іс-әрекеттерді, яғни алгоритмді атқарушыға немесе орындаушыға – техникалық құрылғыларға, әртүрлі автоматтарға, компьютерлерге жіктеуге мәжбүр болып отыр. Сонымен, алгоритм ұғымы күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылатын ұғымдардың бірі болып саналады. Ал біз сіздермен осы ұғымды бағдарламалау негіздері бөлімінде қарастырдық. ІІ. Үй жұмысын тексеру. Үйде сіздер алгоритмдеу негіздерін қайталадыңыздар. Енді сіздердің алгоритмдеу негіздері бойынша білімдеріңізді тексерейік. Сонымен: 1. Алгоритм дегеніміз не? 2. Алгоритмнің қандай түрлерін білеміз? 3. Алгоритмнің қасиеттері. 4. Алгоритмнің өрнектелу жолдары. 5. Алгоритм аргументтері дегеніміз не? 6. Алгоритм нәтижесі дегеніміз не? ІІІ. Жан жақты білімдерін тексеру Бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңыздар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасау жолдары.» Сабағымыздың мақсаты Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасау және оны Турбо Паскаль қосымшасында теріп, орындау. Жаңа тақырыпты қарастыруды бастамас бұрын, бірінші еске түсірейік (Оқушыларга сұрақ: ) бағдарлама деп нені айтамыз? ІV. Жаңа білімді белсенді қорытуға дайындау Паскаль тілінде жазылған бағдарлама 3 бөлімнен тұрады: тақырып бөлімі, сипатталу бөлімі және операторлар бөлімі. Бағдарламалар құрылымы үш түрге бөлінеді: сызықтық, тармақталу және циклдік. Бүгінгі сабақта сызықтық бағдарлама жасауды қарастырамыз. V. Жаңа тақырып түсіндіру Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасамас бұрын келесі түсініктерге тоқталайық: - Бос оператор деп «;» операторын айтамыз. Бұл оператор оның алдындағы оператордың аяқталуын көрсетеді. Енді сызықтық бағдарлама жасауға көшейік. Еске сала кетейік : Бағдарлама деп белгілі бір бағдарламалау тілінде жазылған реттелген командалар тізбегін айтамыз. Белгілі бір алгоритмді бағдарламалау дегеніміз осы алгоритм орындалатын бағдарлама жазу. Ендеше сызықтық құрылымды алгоритмді бағдарламалап көрейік. Сонымен сызықтық алгоритм деп командалары бірінен соң бірі тізбектеліп орындалатын алгоритмді айтамыз. Мысал: Var I:real; j:integer; k:char; Begin Read(I,j,k); … Осы бағдарламаға сәйкес енгізудің бірінші нұсқасы: 212.2 38 ‘п’ Енгізудің екінші нұсқасы ‘в’ 23 12.1 – екінші нұсқа дұрыс емес Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін Write( );немес Writeln( ); операторлары қолданылады. Write операторы былай жазылады Write(a1,a2,…,an) Мысалы: Write(‘А,В,С мәндерін енгізіңдер’) Read(A,B,C); Мұндайда экранға: А,В,С мәндерін енгізіңдер түсініктеме сөзі шығады, содан кейін үш сандық мән енгізілуі тиіс. VI. Жаңа тақырыпты түсінуін тексеру Ал енді сызықтық бағдарлама жазып көрейік. Мысал: Ұзындығы а-ға тең, ені в-болатын тіктөртбұрыштың ауданын анықтайтын бағдарлама жазу: Енді осы алгоритм бойынша бағдарлама құрамыз: Program pr1; Var a,b,s: real; Begin Write(‘a,b мәндерін енгіз’); Read(a,b); S:=a*b; Write(‘S:=’,S); End. Енді Паскаль бағдарламасының терезесін ашып теріп, орындаймыз. VII. Сабақты бекіту 1) Диктант. Берілген программа мәтінін оқушылармен бірге жазып шығу. • Бағдарлама соңы – оқушылар жазу керек - End. 2) Кері есеп. • Алдында қарастырған бағдарламаның блок-схемасын салу. 3) Берілген есепке Паскаль тілінде программа жасау және өңдеу. Цилиндрдің көлемі V –ға тең. Табанының ауданы S. Цилиндрдің биіктігін анықтайтын бағдарлама жазып теріңіз. VIII. Үй жұмысы Қайталау. Берілген есепке Паскаль тілінде программа жазу: •