Табиғат кешені.

Предмет: География
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сыныптар: 7 А

Күні: 23.10.14

Тақырыбы: Табиғат кешені.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – оқушыларды жалпы географиялық қабық заңдылықтар туралы өткен сыныптардағы ұғымдары мен түсініктерін жинақтап, қорытындылау негізінде ғаламшар табиғатының біртұтастығы жайлы білімді қалыптастыру. Табиғат кешені мен оның құрамдас бөліктері жөнінде білім қалыптастыру, географиялық зоналылық заңдылығын ұғындыру.

Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Сондай-ақ бұндай карталарды қалай пайдалану жолдары мен жұмыс істеудің қарапайым әдіс-тәсілдерін жетілдіру. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Географиялық карта жасаудың өте көп уақыт пен тереңде тиянақты білімді және асқан қажырлылық пен төзімділікті талап ететіндігін түсіндіру арқылы, оқушыларды ғалым-картографтар еңбегін бағалауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, глобус

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)


ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең алдымен дәптерлерін тексереді, сосын кескін карталарын тексереді де балалардан тақта алдын климаттық белдеулер мен ағыстарды. Одан кейін балаларға келесі сұрақтарды қояды.

1. Су массалар дегеніміз не, оның қандай қасиеттері бар?

2. Планктон, нектон, бентос дегеніміз не?

3. Климат қалыптастырушы факторлар дегіміз не?

4. Климаттық белдеулердің бір-бірінен айырмашылығы айтыңдар?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

ІІІ

Жаңа сабақты түсіндіру алдында табиғат кешені мен географиялық қабықтың айырмашылығын түсіндіріп береді. Сосын географиялық қабықтың құрылымын 33-сурет арқылы түсіндіреді, зат алмасу, ырғақтылық заңдылықтарына тоқталады да, антропогендік табиғат кешендеріне түсінік береді. Содан кейін географиялық зоналық заңдылығы дегеніміз не және оның басқа табиғат кешендеріне қалай байланыс жасайтынын өздерін оқып түсіндіріңдер деп тапсырма береді.

Сұрақтара жауап береді және мұғалімді тыңдап, түсінбеген жерлерін сұрайды. Сосын климат қалыптастырушы факторлар суретін сызып алады.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі тапсырмаларды береді:

1. Географиялық қабық қандай компоненттерден тұрады? Олардың өзара қандай байланысы бар екенін өз жерлерінің табиғаты мысалында сипаттаңдар.

2. Табиғаттағы зоналылық дегеніміз не? Сендер тұратын жерлерде қандай табиғат зонасы бар?

Тақырыпты бекіту үшін тапсырманы орындайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Үй тапсырмасы. Табиғат кешені тақырыбын оқып келу. Тестік тапсырмалар құрастыру.

Үзіліске шығады.


Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.89 Kb
Количество скачиваний: 28
Просмотров: 227

Похожие материалы