Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы(тәрбие сағаты)
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Жолдыбаева Зауре Базарбаевна
|
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы
Сабақтың мақсаты: Балаларды табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға,
қорғауға тәрбиелеу, экологиялық білімділік, ойлау
қабілетін, сауатты сөйлеу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: топтық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар ,үлестірмелі карточкалар
Сабақтың барысы:
· Ұйымдастыру (топқа бөлу,сабақтың мақсатымен таныстыру)
· «Жаңбырмен жер көгерер,батамен ел көгерер»(мақалды жалғастыру)
· «Тіршіліктің көзі - табиғаттың өзі»(табиғат туралы өлеңдер оқу)
· «Табиғат- тіршілік иесі»(жұмбақтар шешу)
· «Құстар-біздің досымыз»(сөзжұмбақ шешу)
· «Таза болса табиғат,аман болар адамзат» ( постер қорғау)
· Қорытындылау
1.Жаңбырмен жер көгерер,батамен ел көгерер (мақалды жалғастыру)
1. Ер-елдің көркі,орман тоғай.../жердің көркі/.
2. Бір тал кессең,.../он тал ек/.
3. Дәрі.../ шөптен шығады/,дана көптен шығады.
4. Қорада малың болсын,көшеде.../талың болсын/
5. Атаңнан мал қалғанша,.../тал қалсын/.
6. Бұлақ көрсең.../көзін аш/.
7. Сулы жер құрақсыз болмас,таулы жер.../бұлақсыз болмас/.
8. Жылап жүріп арық қазсаң,.../күліп жүріп су ішерсің/.
2.Тіршіліктің көзі - табиғаттың өзі (табиғат туралы өлеңдер оқу)
3.Табиғат- тіршілік иесі (жұмбақтар шешу)
1.Аспай піскен
Қайнамай түскен (жеміс)
2. Өзі көзі-
Көзі –өзі (күн )
3.Күндіз тығылады,түнде қыдырады .( жұлдыз)
4.Әкесі құстан,шешесі тышқан,ол не? (жарқанат)
5. Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті (найзағай)
6. Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан,
Жүніңді жұлып ап
Бесікке қадаған,
Бұл қай құс? (үкі)
4.Құстар-біздің досымыз(сөзжұмбақ шешу)
1.Жасыл орман желекті
Оның күтіп-баққаны
Тоқылдатса теректі-
Құртын қуып жатқаны (тоқылдақ)
2.Суда жұбын жазбайтын құс (аққу)
3.Ұшады қалықтайды,
Сайраудан бір жалықпайды. (бұлбұл)
4.Қыран құс (ителгі)
5.Құстың атымен аталатын қыз есімі (Қарлығаш)
6.Бантигі бар басында
Бір құс жүр үйдің қасында (тауық)
7.Сөйлей алатын ,қолға үйренген құс (тотықұс)
1
2
3
4
7
6
5
5.Таза болса табиғат,аман болар адамзат»( постер қорғау)
6.Қорытынды
Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс - әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.97 Kb |
Количество скачиваний: | 253 |