Поурочный план по воспитательной работе "Қазақстанда мекендейтін жануарлар"
| Предмет: | Классному руководителю |
|---|---|
| Категория материала: | Рабочие программы |
| Автор: |
Айманова Курбангул Мадияровна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін жануарлар.
4 сынып.
Сабақтың мақсаты :Оқушылардың Қазақстанда мекендейтін жануарлар туралы білім-біліктерін арттыру.
Міндеттері:
1.Біліктілік: Қазақстанда мекендейтін жануарлар туралы білімдерін жинақтау, бір жүйеге келтіру.Білгендерін қайталау,тереңдету,дүниетанымдарын кеңейту. Септіктерді қаншалықты деңгейде меңгергенін тиянақтау.
2.Дамытушылық: Сауатты жазуға, сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жануарлардың мінезін сипаттауға үйрету. Ойлауға, салыстыруға, ізденуге баулу.
3.Тәрбиелік: Туған өлке табиғатына, онда өмір сүретін жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдістері: интерактивтік тақта, компьютермен жұмыс, диалог, ой қозғау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, информатика,жаратылыстану.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Сабаққа кіріспе.
Психологиялық дайындық.
- Бүгін кезекші кім?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Жылдың қай мезгілі?
- Бүгін сабаққа деген көңіл-күйлерін қандай? (смайлик көрсету)
- Сабаққа дайынбыз ба?
II. Үй жұмысын тексеру.
- Оқушылардың дайындап әкелген жануарлар туралы қысқаша мәліметтерін тыңдау.
- Жануарлар туралы жаттаған өлеңдерін тыңдау.
III. Негізгі бөлім. Сабақтың мақсатын және тақырыбымен таныстыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Бүгін қазақ тілі сабағы күндегіден өзгеше, әрі ерекше өтпекші. Себебі, бүгін бізде кіріктірілген сабақ, яғни ресурс орталығы оқытушысымен байланыстырып отырмыз. Және сабағымызда қонақтарымыз бар. Сөз кезегін ресурс орталығының оқытушысына береміз.
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
|---|---|
| Размер: | 21,6 КБ |
| Количество скачиваний: | 11 |