«Ұлт мақтанышы Ілияс Есенберлин 100 жаста»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

1-Жүргізуші:  Армысыздар  құрметті  ұстаздар   мен оқушылар!

Ұлт мақтанышы болған, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар  драматург, халық  жазушы  Ілияс  Есенберлиннің 100 жылдығына  арналған « Ұлт мақтанышы  Ілияс Есенберлин 100 жаста» атты әдеби  кешімізге  қош келдіңіздер!

 

Мақсаты: Қазақстанның   халық  жазушысы І. Есенберлиннің  өмірі  мен   шығармашылығы   жөнінде мағлұмат  беру, трилогияның  мазмұны  мен кейіпкерлерімен  таныстыру, қазақ  халқының  тарихи  шежіресін  түсіндіру.

 

2- Жүргізуші: Ілияс  Есенберлин  1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасарда  туған. Жазушы Алматыда1983 жылы қайтыс болған. 1940 жылы  Қазақ  тау-кен  институтын т бітірген. Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан. Соғыстан кейінгі  жылдарда филармонияны, «Жазушы» баспасын басқарады.

Қазақ әдебиетінде  І. Есенберлин  жазған  романдарының саны ең көп аса көрнекті  жазушылардың  бірі. Алғаш 1945 жылы Сұлтан, Айша  дастандары жарық көрді. І. Есенберлиннің Айқас (1966ж),  Қаһар (1969ж),Алмас қылыш (1971), Маңғыстау майданы, Аманат (1978) романдары,Алтын Орда трилогиясы (1982,1983)  жарияланды.

 

Ән: «Қазақстан» Орындайтын: Курбанов. А

1-Жүргізуші: Жазушы Ілияс  Есенберлин  өзінің  тарихи трилогиясында қазақ елінің  ХV- ХІХ  ғ.ғ  тәуелсіздік үшін табанды  күрестерін   көркем суреттейді.  Осы  жолдағы қыруар  қиындықты, ішкі қайшылықтарды,  адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез құлықтарын, сырт жаулармен  шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт –сананы  көрсетеді. Тарихи  жазба деректерге,  шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене  отырып,  қаламгер қазақ  халқының  тарихының  аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи  қайраткерлердің  көркем  тұлғасын  жасайды.

 

Би: «Бисұлтан»би тобы

Бейне жазба І. Есенберлин  жайында естеліктер

2-Жүргізуші: «Алмас қылыш» романы- ХV ғ оқиғаларынан  аса көп  мағлұматтар  бере  алады  және ол оқиғалардың  жылнамалық реті  сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника  деп атауға  болады.  Роман-хроника  болғандықтан,  онда  көптеген  тарихи  оқиғалардың тізбегі  басым келуі- жанрлық  заңдылық.

 

1-Жүргізуші: 1969 джылы «Қаһар», 1971 жылы «Алмас  қылыш», 1973 жылы «Жанталас»  романдарын  жазды. Романдар  15- ші ғасырдан  19 –шы  ғасырдың  ортасына  дейінгі қазақ тарихы суреттелген «Көшпенділер»  трилогиясына  біріктірілді. Сөз  болатын  тақырыптар : қазақ халқының  қалыптасуы.  Қазақ хандығының  Жоңғар  хандығымен арпалысуы.Қытай, Хиуа,Бұқара, Ресей империясы  секілді көршілермен  аумалы- төкпелі  

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.14 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 198

Похожие материалы