«Кітап – рухани қазына»
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Аймагамбетов Аманжол Серикович
|
1.Білімділік: «Кітап –рухани қазына» - дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
2.Дамытушылық: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілік: Слайдтар, кітаптар, сөзжұмбақ.
Тәрбие сағатының барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, мемлекеттік Гимнды орындату.
1-жүргізуші: Армысыңдар, құрметті ұстаздар және оқушылар! «Кітап-рухани қазына» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген.Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ата – бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап – білім бұлағы,білім - өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. Кітап адам баласына бала кезінен бастап,өмірінің соңына дейін сырлас досы болады. Ендеше, құрметті ұстаздар 9 «А» сынып оқушыларының дайындаған « Кітап – рухани қазына» атты ашық тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз.
2-жүргізуші: Олай болса топтарымызбен таныстырып өтейін: 1- топ «Кітапсүйгіштер»
2- топ «Кітапқұмарлар».
1-жүргізуші: 1-кезең. «Кітап – рухани қазына.
Кітапсүйгіштер.
Берік: Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы дүниенің айнасы, ғылым – білімнің көзі,өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. Кітап – адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал.
Айдынай: Кітап – араб сөзі. Ол қазақша «жазу», «жазба» деген мағынаны білдіреді. Кітап – көп ақылдың құйылған көлі, ол ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Ата бабаларымыз «Күш білімде, білім кітапта», «Кітап – ғажап дос» деп бекер айтпаған. Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 29.59 Kb |
Количество скачиваний: | 91 |