"Табиғатты қорғау негіздері" арнаулы курс бағдарламасы (8-класс)
| Предмет: | Биология |
|---|---|
| Категория материала: | Рабочие программы |
| Автор: |
Жакудина Алия Ергалиевна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Түсінік хат
Адамзат қоғамы мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынас қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Экологиялық жағдайдың нашарлауы қоршаған ортадағы қайтарымсыз табиғи өзгерістерге әкеліп соғып отыр. Айталық, климаттың жылынуы, өзен-көлдердің суының азаюы, мұздықтардың еруі, сел тасқындардың жиі қайталануы, биологиялық алуантүрліліктің азайып, тіршіліктің жұтаңдануы және т.б. ғаламдық экологиялық проблемалар адамзат баласының болашағына деген алаңдатушылық туғызып отырғаны сөзсіз.
8-класқа арналған «Табиғатты қорғау негіздері» таңдаулы курс бағдарламасы оқушылардың қоршаған табиғи ортаға адам қоғамының шаруашылық әрекеттерінің нәтижесі жайлы түсініктерін тереңдету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалды.
8-класқа арналған «Табиғатты қорғау негіздері» таңдаулы курсына 34 сағат бөлінген.
Бағдарлама оқушылардың білігін жетілдіріп, жоғары білім сапасын қамтамасыз етеді деп үміттенемін.
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
|---|---|
| Размер: | 33,4 КБ |
| Количество скачиваний: | 19 |