Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
17.10.2013
2 апта
2-күн
Сабақ тақырыбы:
Талантты және дарынды балалармен жұмыс
Жалпы мақсат:
«Дарынды және талантты оқушыларды анықтау» жолдарын табу. Мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне ықпал ету, жаңалыққа құштарлығын ояту. Өзінің тәжірбиесі туралы ойлану. Пән мұғалімдеріне оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оларды оқу мен тәрбие жұмыстарында қалай қолдануға болатындығы жайлы, ол әдіс-тәсілдердің тиімділігі туралы түсінік беру.
Сілтеме:
- Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 50--57-б
Үлестірмелі нұсқаулық
Оқу нәтижесі
Мұғалімдер түрлі тапсырмалар орындау барысында дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолын табады. Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жасау тиімділігі жайлы мағлұмат алады,оны өз тәжірибелерінде қолданады.
Түйінді идеялар:
Әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру; Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау; Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау.
Сабақта қолданылатын материалдар:
А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары.
Оқыту әдістері:
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Жаңа жұмыс әдістері мен құралдары.
ОүБ және оқуды бағалау
АКТ
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
4. Топтық жұмыс
Дерек көздері:
Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары
Тапсырмалар:
Макет жасау, стикер арқылы формативті бағалау, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия
Оқуға арналған тапсырма:
-
- Мұғалімге арналған нұсқаулық.50-57 беттер
-
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
Коучтың іс-әрекеті
Мұғалімдердің іс-әрекеті
Амандасу
(2 мин)
Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады
Амандасады
Сергіту сәті (жақсы психологиялық ахуал орнату)
7 (мин)
«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен…, ..., қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
Коучтың айтуы бойынша іс-әрекеттерді жасайды
Топқа бөлу
(2 мин)
Топқа бөлу (3 түрлі сияда қаламсаптар тарату арқылы)
Мұғалімдер топқа бөлінеді
Ой шақыру
(топтық жұмыс)
(10 мин)
Дарын, талант, қабілет сөздерін ұсынады
Мұғалімдер өз А3 қағазына түсіреді
Рефлекция
(5 мин)
Мұғалімдерді тыңдайды
Жұмыстарын қорғайды
Бейнежазба көру
(20 мин)
Бейнежазбаларды көрсетеді
Видеороликке қатысты ойларын ортаға салады
Теориялық материал
(презентация)
(10 мин)
Таланттылық пен дарындылықтың анықтамасы және оны анықтау мақсатын түсіндір
Презентацияны мұқият тыңдау
Топтық жұмыс
(12 мин)
Тапсырманы түсіндіреді.
Дарынды және талантты балалармен жұмыс кезінде кездесетін кедергілер:
1.Сіздің оқушыңызда «Жұлдыз ауруы» басталса кедергіні қалай жоясыз.
2.Сіздің дарынды немесе талантты оқушыңыз мұғаліммен ерегесіп қалды делік, сіз бұл жағдаяттан қалай шығасыз.
3.Дарынды оқушыңыз облыс олимпиадасынан 1 орынға лайықты, бірақ бұл орын басқа оқушыға бұйырды. Оқушының сіздің пәніңізге деген қызығушылығы жоғалып қалмау үшін не істер едіңіз.
Мұғалімдер ситуациядан шығуға тырысады.
Бағалау
(3 мин)
2 жұлдыз 1 тілек
Коуч бақылайды
Мұғалімдер жазады
Жеке жұмыс
(5 мин)
Тапсырма береді.
Алма таратылып, түтікшені алманың ортасынан өткізу.
Тапсырманы орындайды
Ой толғау. Эссе
10 мин
Эссе тапсырмасын айту
«Менің қиялымдағы дарынды оқушы»
Эссе жазады.
Кері байланыс
(6 мин)
Сауалнама толтыру
Рефлексия жасайды