Тарих пәнінен "Еңбек құралдарының жетілуі" тақырыбы

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тақырыбы: Еңбек құралдарының жетілуі

Мақсаты: Оқушыларға тақырыптың мәнін ашатындай деректерді бере  

                   отырып, өткен дәуір мен қазіргі заманның қоғамдық құбылысын

                   тарих тұрғысынан түсіндіру, щй-өрісін, дүниетанымын дамыту,  

                   адамға, қоғамға деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері

Әдісі: интерактивті сабақ

Көрнекілігі: карта ,глобус,суреттер,сызба.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Тапсырманы тексеру «Ойлау мен сөйлеудің дамуы»

3.Жаңа сабақ

-Балалар, біз алғашқы қауымдық қоғамды өту үстіндеміз. Міне, мынау жер шары. Жер шарында қанша материк бар? Осы материктег ең ұлы тұлға кім деп ойлайсыңдар? (адам)

-Ал адам болса, осы адам қазіргі кезге дейін күрделі даму сатысын, қиын кезеңдерді басынан кешірген екен. Ең ежелгі адамдарды атаңдаршы, суретін көрсетіңдер.( сурет көрсету- питекантроп, австролопитек, неандертальдық, кроманьондық адамдар)

-Ежелгі адамдар табиғаттағы дайын дүниені алды, тасты алды, аңдарды ұрды, жемісті теріп жеді. Еңбек құралдары жетіле бастады. Осы ежелгі адамдардың өмірі қандай болды, ол сендерге ұнайды ма?

(пікірлерін тыңдау, сыныпты 3 топқа бөлу:пессимистер, оптимистер, реалистер.)

-Адамдар күшті жанған отта  балқытуды білді. Бұны құю әдісі дейміз. Одан кейін күрек, түйреуіш, пышақ жасады.(сызбаны көрсету)

Жылдар өте келе мыс  пен қалайыны қосылған қоспасының мысқа қарағанда қаттылау болып шығатынын байқап, қолдана бастады.(суреттен көрсету)

 

 Бұрын адамдар бөлінбей бір жұмысты жабылып істеуші еді, еңбек құралдарының жетілуіне байланысты, еңбекті өзара бөлісе бастады. Оны еңбек бөлінісі дейміз

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.29 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 128

Похожие материалы