Тарих сабақтарында жеткіншек бойында патриоттық сезімін қалыптастыру
Предмет:
История
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Кабдулов Мирас Мутиголлиевич
Здесь была ссылка на работу Тарих сабақтарында жеткіншек бойында патриоттық сезімін қалыптастыру автора Кабдулов Мирас Мутиголлиевич.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тарих сабақтарында жеткіншек бойында патриоттық сезімін қалыптастыру Джантулина М.Т- тарих пәнінің оқытушысы А.Иманов атындағы жол- көлік колледжі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Патриот болу – Қазақстан мемлекетін өз жүрегінде сақтау» деген сөздері тарих пәні оқытушыларына терең ой салады. Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім өз-өзінен қалыптаспайды, ол оқу-тәрбие үдерісінде және мемлекеттік саясат негізінде жүргізілуі қажеттілігін заманымыздың өзі көрсетіп отыр. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі - өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу. Жас жеткіншекке патриоттық тәрбие беруде тарих пәнінің алатын орны ерекше. Тарих пәні оқытушының міндеті тарихи шығармалардан оқиғаны сипаттайтын үзінді оқу арқылы, қосымша дерек көздерін пайдалана отырып, жеткіншек жүрегінен орын ала отырып, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, олардың бойында мінез-құлықты қалыптастырады. Жастар жағымды кейіпкерлерге еліктейді, одан үлгі алады. Ал тарихта қаншама үлгі алардың қайраткерлер бар, оларды орнымен мақтан тұту, сабақтың бөлімдеріне тиісті деңгейде пайдалана білу оқытушы шеберлігіне қатысты. М.Жұмабаевтың «Елдің елдігін сақтайтын- әдебиеті, тарихы, салт-дәстүрі» деген сөздері бар. Соңғы уақыттарда тарих пәні талай сынға алынуда, өткенімізді еске түсірсек, ертеректерде тарих кітабы түрлі түсті иллюстрациялы, тарихи оқиғаларды сипаттау қызықты да тартымды шығарма тәрізді етіп жазылатын еді, соңғы кездегі кітаптарда сандық көрсеткіштер, фактілер көп беріледі де қалғаныны қосымша материалдан тауып ал, я немесе ақпарат құралдарын пайдалан деген сөз екені бізге түсінікті. Яғни тәрбиеге қатысты оқушыны сабаққа тартымды ету, бойында елжандылықты қалыптастру және сабақтың қай бөлімінде оны іске асыру жолдарын таңдау мұғалім құзіреттілігінде жатыр.