Тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері
| Предмет: | Начальные классы | 
|---|---|
| Категория материала: | Другие методич. материалы | 
| Автор: | Рустемова Айжан Темирхановна | 
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Мақсаты:
Білімілік: Білім деңгейін көтеру,жетілдіру,шығармашылық белсенділіктерін арттыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың жан-жақты білімді болуға,салт-дәстүрді құрметтеуге,
сақтауға,қонақ қарсы алуға,ұқыптылыққа,инабаттылыққа,әдептілікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: Атамұраны,ой-өрісін,ойлау қабілеттерін дамыту,этика-эстетикалық талғамдарын арттыру,дүниетанамын,ой-өрісін кеңейту.
Көрнекілігі:компьютер,экран,проектр,қазақ үстелі,муляж еті,қылыш,қамшы,
альбом,ұлттық киімдер.Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
а ) Оқушыларды, бөлмені сабаққа дайындау;
ә)Қонақтарды қарсы алу;
б) «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты ашық тәрбие сағатын бастау.
Мериза: Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар мен оқушылар!
Әрсен: Салт-дәстүр,әдеп-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра.
Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар.
Мериза: Қазақ халқының дәстүрлерінің бірі «Ұлттық киімдер». Алдымыздақазақ
ұлттық киімдердің сән үлгісін тамашалаңыздар.
Әрсен: Біздің қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы, жөн-жоралғылары көнеден келе жатқан асыл қазынамыз.Оны келер ұрпаққа жалғастыру біздің міндетіміз.
Мериза: Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі- қонақ-жайлық. Қандай жағдайда да «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей,жылы шыраймен қарсы алып, «қолдағы барымен» дегендей шамасы келгенше сый-құрметін көрсетіп аттаныру әркімнің парызы сияқты болатын. Қонақ болу үшін оның таныс болу шарт емес.
Әрсен: Егер қонақ түскен отағасы үйде жоқ болса, ол астан дәм татып, ауыз тиген соң, түнемеге басқа орын іздестірген.
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) | 
|---|---|
| Размер: | 117,5 КБ | 
| Количество скачиваний: | 5 |