Тақырыбы: Хақназар хан, 7 сынып

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

тақырыбы: Хақназар хан

мақсаты:Хақназар ханның тұсындағы қазақ хандығының жағдайы туралы, Хақназар ханның басқа елдермен қарым-қатынасы туралы оқушыларды жан-жақты таныстыру.

1-әрекет. Сыныпты ұйымдастырып, оқушылардың назарын озіме аударғаннан кейін, үй жұмысын тест арқылы қорытындыладым.. Осыдан кейін оқушыларды кірпі биіменен бейне баян арқылы сергіту сәтін өткіздім.

Жаңа сабақты бастар алдында оқушыларды 1,2,3,4 санымен топқа бөлінді. Хақназар ханның өмірбаяны мен дипломатиялық қарым-қатынас жасаған елдерімен таныстырдым. “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету” модулін пайдаланып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілетін дамыту мақсатында төрт топқа да тақырыпты нақты әрі толық түсіну үшін бірдей тапсырма берілді.Сонымен қатар бағалау бетшелері таратылды әр топ тапсырмада жан-жақты деректер жинақтап, бір-бірімен пікір алмасты.

2 -әрекет. “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету” модулі бойынша оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін ББҮ әдісі бойынша бұрыннан білетінін Хақназардың хан екенін және білгім келедіге Хақназар ханның неше мың әскері бар екенін, және үйрендімге Хақназар ханның анасы Ханкей сұлтан ханым екенін және діні ислам екенін 42 жыл бойы хандық билікте болғанын туралы үйренгендерін жазды

3-әрекет. Сыни түрғыдан ойлауда өзінді- озін бағалау “Бессаусақ”

Шынашақ (кіші бөбек) – ойлау процессі; мен бүгін қандай ақпарат пен

тәжірибе алдым?

Аты жоқ саусақ (шылдыр шүмек) – мақсатқа жету; мен бүгін не істедім және не нәрсеге қол жеткіздім?

Ортан терек – көңіл-күй жағдайы; менің бүгінгі көңіл-күйім қандай және ол жұмыс барысына қалай әсер етті? Неліктен?

Сұқ саусақ (балаң үйрек) – көмек, қызмет көрсету; мен бүгін кімге көмек көрсеттім? Ол қандай нәтиже берді?

Бас бармақ – өзін-өзі бағалай, белсенділік таныту; Мен өзімді қалай сезіндім? Неліктен? Ертеңгі күнге қандай жоспарым бар?

Бұл тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындады, өйткені мұнда көңіл күйін, қасындағыларына көмек бергенін, осы тақырып бойынша мақсаттарына жеткендіктерін жазып, өздеріне баға беру арқылы оқушылар өз міндеттеріне жауапты екенін толық сезінді.

4-әрекет. Сабақтың соңғы қорытындылау бөлімінде оқушылардың ойын жинақтау барысында тест жұмысы арқылы қорытындыладық.

1. Хақназар ханның таққа отырған жылы?

2. Хақназар ханның алдында билік еткен хан?

3. Хақназар хан кімнің бұйрығы мен өлтірілді?

6-әрекет. Білім ағашы арқылы, рефлекциясы бойынша оқушылар өздерінің бүгінгі алған білімдерін өз дәрежесінде көрсете білді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 32 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 232

Похожие материалы