Тақырыбы: Хош келдің, төрлет наурызым!

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың  ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық  талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген  сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.  - Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Хош келдің, төрлет Наурызым!» атты мерекелік кешімізді  бастауға рұқсат етіңіздер!  - Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.   Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.  - Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу)  - Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.      Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 1.56 Mb
Количество скачиваний: 60
Просмотров: 197

Похожие материалы