Тақырыбы: Көлдер және олардың пайда болу ерекшеліктері

Предмет: География
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың мақсаты.
Білімділік мақсаты – оқушыларға көлдер мен олардың пайда болу ерекшеліктері мен маңыздылығы жайлы білім беру.
Дамытушылық мақсаты – оқушыларды өз бетімен ізденуге, картамен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды суды қорғау, оның адам өміріндегі маңыздылығын айта отырып, оны күнделікті өмірде тиімді пайдалануға үйрету.

Сабақтың міндеті – Көл ұғымы түсінігі мен көлдің ерекшеліктері мен түрлері туралы білімін түрлі схемалар мен интерактивты тақта арқылы қалыптастыру. Сабақ мазмұнын ашу барысында түрлі танымдық тапсырмаларды орындату.
Сабақ түрі: ашық сабақ
Сабақтың білім беру әдісі: географиялық диктант, ауызша, интеративті әдіс, картамен және тақтамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің және қазақстанның физикалық картасы, интеративті тақта, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең

1. Сәлемдесу

2. Түгендеу

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Географиялық диктант

1. Өзінің табиғи арнасымен ағатын су жүйесін не деп атаймыз?
2. Өзеннің ағып шығатын жерін қалай атаймыз?
3. Ағыс бағытына қарап тұрғаныңда оң қолың жағың өзеннің қай жағасы, сол қол жағың қай жағасы болады?
4. Өзеннің құяр жері не деп атаймыз?
5. Өзендердің ағысының жылдамдығы сағасына барғанда төмендейді, сөйтіп онда тосқындар жинақталып, өзен сағасы тармаққа бөлінеді, яғни не пайда болады?
6. Өзеннің бастауынан бастап сағасына дейін әрі кең, әрі ұзынша ойыс алқапты не деп атаймыз?
7. Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі қалай аталады?

9. Өзен алаптарын бір-бірінен көбінесе қыратты болып келетін не бөледі?

10. Өзеннің арнасындағы қатты жыныстарды не деп атаймыз?

11. Егер жартас өзен арнасын кесе көлденең алып жатса, су одан төмен қарай құлай ағады оны қалай атаймыз?

12. Жыл сайын белгілі бір маусымда қайталанып отыратын өзендегі су мөлшерінің едәуір көбеюін қалай атаймыз?

13. Өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуін не деп атаймыз?

14. Өзендегі судың ең төменгі күйін қалай атаймыз?

15. Өзен су мөлшерінің жыл ішінде өзгеру ерекшелігін не деп атаймыз?

Жауаптары

1- өзен; 2-бастауы; 3- оң, сол; 4-сағасы; 5-атырау; 6-өзеннің аңғары; 7-жайылма;

8-жоғарғы, төменгі, орта; 9-суайрықтар; 10-шоңғалдар; 11- сарқырама; 12- су тасуы

13-тасқын; 14- сабасына түсуі; 15-өзеннің режимі.

Басқатырғыш

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 566.48 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 182

Похожие материалы