Тақырыбы: « Мен және жанұям»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру ,   үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуға, ата-анасын, жора-жолдасын сыйлай білетін азаматтар тәрбиелеу, ұлттық тәрбиені насихаттау. Көрнекілігі: Интерактив тақта, даналық сөздер суреттер. Барысы: Мұғалімнің сөзі: -Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!  Біз бүгін ғажайып бір әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырып та осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек? Хормен: -Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі. 1-оқушы.  Сымбат Жақсыдан жаман туады Бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады Адам айтса нанғысыз.   Ұлтымызда  «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » деген дана сөз бар.   2-оқушы. Айдос «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, Ана-отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.18 Mb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 94

Похожие материалы